ШЫМКЕНТ: БАЙҚАУШЫЛАР САЙЛАУДЫҢ ӘДІЛ ӨТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ.


Бұл жөнінде Шымкент қаласы бойынша бейпартиялық ерікті байқаушылар штабының жетекшісі Бейсенкүл Нарымбетова 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі және жергілікті маслихат депутаттарының сайлауын әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында байқаушыларды дайындау барысы жөнінде өткен брифингте мәлімдеді.

Бүгінгі таңда жалпы Шымкент қаласы бойынша 312 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 293 ашық, 19 жабық сайлау учаскелері болып табылады. Сайлаудағы байқаушыларды 3 негізгі штаб дайындауда. Олар: Шымкент қаласы бойынша бейпартиялық ерікті байқаушылар штабы, Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Азаматтық Альянс қауымдастығының штабы, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған штаб .

– Бүгінгі таңда штабқа 100-ден астам азаматтар өтініш білдіріп, тіркелді. Біздің негізгі мақсатымыз кәсіби байқаушыларды дайындау. Тіркелген байқаушылармен сайлаудың заңдылықтары, бақылаушының негізгі міндеттері мен әдебі тақырыбында семинарлар, ситуациялық жағдайларға байланысты тренингтер өтілуде,-деді Бейсенкүл Жақсыбекқызы.

Сонымен қатар сайлауға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан Шымкент қаласы бойынша 293 тәуелсіз байқаушылар 8 сала бойынша тіркелді. Олар денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік қоғамдық қызмет көрсету және жол-автокөлік, коммуналдық шаруашылық пен энергетика мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларынан тіркелген.

– Біздің басты міндетіміз – таза сайлау өткізу! Объективтілік, адалдық, ашықтық, жауапкершілік, жариялылық, саяси бейтараптық және кәсібилік принциптерін ұстану! Басқа ұйымдардың, тәуелсіз бақылаушылардың жұмысын құрметтеу, олармен ынтымақтастық орнату мақсатымыз болып табылады -деп мәлімдеді Шымкент қаласы Азаматтық Альянс аймақтық штабының төрайымы Баян Жандосова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика