ЕЛДІ АУЫЛДАН ҮДЕРЕ КӨШУІН ТОҚТАТАТЫН ТӘСІЛ

Естеріңізде болса, Қазығұрт ауданында С.Ертаев бастаған ауыл шаруашылығы саласы кәсіпкерлері ауыл-ауылда баспана тұрғызып, тұрғындардың алғысын алып жүр еді ғой. Сол игі іс енді жаппай қолдау тауып, жанданатын секілді.

Бірақ, бұл жолы тек кәсіпкерлердің жеке құралдарымен ғана емес, мемлекеттің қаржылық қолдауы да қосылмақ. Өз қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етуге жақсы мотивацияны бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөз етті. Президент Қ.Тоқаевтың айтқанын сөзбе-сөз келтірсек:

«Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаратын болады. Бұл — қай жағынан алып қарасақ та, бәріне пайдалы» -дейді.

Демек, алдағы уақытта жер-жерде ауыл тұрғындары баспаналы болып, қоныстой тойлайтын кез келеді деп сенуге болатындай. Бұл — бір жағынан, баспана мәселесін шешсе, екінші жағынан ауылдан үдере көшкен елді ауылда тұрақтандырудың әдемі тәсілі.

С.ДҮЙСЕБАЙҰЛЫ

Фото ашық интернет көздерінен

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика