«ПАРАҚTIMES» КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ КЕЛІҢІЗ

Биылғы 28-29 мамыр күндері Шымкент қаласында «ПАРАҚTIMES» деп аталатын кітап жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы аталған іс шараның ұйымдастырушысы Б.Нарымбетова фейсбуктегі жеке парағында айтты.

Үшінші мегаполистің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырғалы отырған кітап жәрмеңкесіне еліміздің танымал басылымдары мен кітап баспа ісіне жаңадан қосылып жатқан баспаханалар да қатысқалы отыр. Сондай-ақ, кітап тойына балалар жазушылары да шақырту алыпты. Бұл жайында әлеуметтік желіде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ш.Мұқан желі пайдаланушылардан қандай балалар жазушысын көргісі келетініне арнайы сұрау салған болатын.

Идея авторы Б.Нарымбетова болса, шымкенттіктер мен қала қонақтарынан «Жемісі осы, былтырдан бері ойда жүрген бір идея «Парақtimes» атауын иеленіп, кітап жәрмеңкесі осы алдағы жұма мен сенбіде «Арбатта» өтпекші. Әл-Фараби кітапханасымен тіл табыстық, Шымкент Қаласы Мәдениет Басқармасы оң қабақ танытты. Балалар әдебиетінің жаңа толқыны Серікбол Хасан, Саят Қамшыгер Шымкентке келе жатыр. Мұнан басқа талай қызық бар» деп to?fbid=1186494761786625&set=a.230230037413107″>сүйінші сұрап отыр.

Ендеше, 28-29 мамыр күндері Шымкенттің «Арбатында» өтетін «ПАРАҚTIMES» кітап мерекесінде жолығайық!

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика