Шымкентте ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын «Наурыз» атты алаң ашылды.
Алаң 1 гектардан астам аумақта орын тепкен. Облыстық бюджет есебінен қаржыландырған бұл нысанның құрылысын «Заңғар-Сәулет» ЖШС-гі жүргізді.
Алаң аумағында «Ауылым − алтын бесігім» атты барельефті сахна, «Көкпаршы», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Бүркітші» секілді сәулеттік-декортивтік композицялар орнатылған.
Сәулеттік жобада жалпы 50 гектар алқапта «Наурыз» алаңынан бөлек, тарихи-өлкетану мұражайы, салт-дәстүр және әдет ғұрып орталығы, этносаябақ, көл жағалауы, қолөнершілер шеберханасы секілді тарихи-мәдени кешендермен толықтырылатын болады.
Келешекте бұл аумақта айтулы мәдени көпшілік шаралар өткізіліп, бірыңғай сәулеттік кешен қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны болып қалыптаспақ.
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
суреттер shymkent.gov.kz. сайтынан алынды
Больше историй
СЫЗДЫҚ ТӨРЕНІҢ МОЛАСЫ ТАБЫЛДЫ
ШЫМКЕНТ БІЛІМ: ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ
ШЫМКЕНТ: ДОМБЫРА ҮНІ КҮМБІРЛЕГЕН КҮН