КӨКБҰЛАҚ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛЫП ЖАТЫР

Бүгінде бүкіл ел аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі болып отыр. Осыған орай, Шымкент қаласы аумағында байланыс сапасына талдау жүргізу барысында мобильді байланыс және интернет жылдамдығы төмен шағынаудандар мен тұрғын алаптар анықталды.

Қазіргі таңда Абай ауданы Көкбұлақ елдімекенінде инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы мен интернет желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы тарапынан тұрғын алапқа, №118 мектептің қасынан арнайы жер белгіленіп, базалық станцияның негізі құйылды және баған орнатылды. Жұмыстар желтоқсан айының 20-сына дейін аяқталады.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановпен бірге аталған тұрғын алапқа келіп, интернет және су мәселесі жақын арада шешімін табатынын тұрғындарға жеткізген болатын.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика