АБАЙ АУДАНЫНДА 49 КӨШЕГЕ ТАС ТӨСЕЛДІ

Шымкент қаласында жаңа шағынаудандардың көптеп қосылуына орай топырақ көшелердің көп екені белгілі. Оларға тас төсеу жұмыстары ешқашан тоқтап қалған емес. Атап айтар болсақ, бір ғана Абай ауданында былтыр 49 көшеге тас төселген.  Атқарылған жұмыс жөнінде Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов есеп беру жиынында айтты.

Жолдарға тастың төселгені тұрғындарды қуантты. Өйткені, көше — бүкіл қарым-қатынасымыздың себепкері.  Бүгінде Абай ауданы аумағындағы көшелер саны – 1025. Оның жалпы ұзындығы 1034 шақырымды құрайды. Былтыр 71,2 шақырымды құрайтын 146 көшеге шағал тас төсеу жоспарланған. Жоғарыда айтқан 49 көше соның бір бөлігі.

Аудан аумағында жалпы 296 шақырым аяқжол болса, 2020 жылы әлеуметтік нысандарға баратын орталық 5 көшеге 8,1 шақырымға аяқжол салу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылға қосымша 44,5 шақырым шағал тас төсеуге ұсыныс беріліп, 173,6 млн теңге қарастырылған. Алдағы уақытта жол құрылысы жалғаса беретініне сенеміз. 

С.БАЙБОСЫНОВ

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика