2024-07-27

ОРАУЫШТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

ОРАУЫШТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

 Бұл техникалық регламент Кеден одағының кедендік аумағында орауышқа (тығындап бекіту құралдарына) қойылатын қолдану және орындау үшін міндетті бірыңғай талаптарды белгілеу, Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын орауыштың (тығындап бекіту құралдарының) еркін орын ауыстыруын қамтамасыз етуіне арналып әзірлен

 Орауыштың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Осы техникалық регламент орауышқа (тығындап бекіту құралдарына) қойылатын, Кеден одағының кедендік аумағында қолдану және орындау үшін міндетті талаптарды және оларға байланысты, адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірін не денсаулығын, өсімдіктерді қорғау мақсатында сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату, сондай-ақ тағайындалуы мен қауіпсіздігін қатысты орауыштың (тығындап бекіту құралдарының) тұтынушыларын жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

Егер орауыштың (тығындап бекіту құралдарының) қатысты орауышқа (тығындап бекіту құралдарына) қойылатын талаптарды белгілейтін өзге Кеден одағы техникалық регламенттері қабылданса, онда орауыш (тығындап бекіту құралдары) қолданысы оған таралатын Кеден одағының барлық техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс

 Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету

 Орауыштардың (тығындап бекіту құралдарының) осы техникалық регламентке сәйкестігі оның талаптарын тікелей орындау арқылы не ерікті негізде қолдану нәтижесінде осы техникалық регламенттің талаптарын және зерттеу (сынау) және өлшеу ережелері мен әдістері, оның ішінде осы техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау үшін және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу ережелері жазылған стандарттардың (бұдан әрі – стандарттар) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін стандарттардың талаптарын орындау арқылы қамтамасыз етіледі.

 Қауіпсіздік талаптары

 Орауыштар (тығындап бекіту құралдары) және оны сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестері осы баптың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Орауышты (тығындап бекіту құралдарын) тағайындалуы бойынша қолдану кезінде орауыштың (тығындап бекіту құралдарының) құрастырылымына және қолданылатын материалдарға байланысты қауіп-қатерді азайту қамтамасыз етілетін тәсілмен жобалануға және дайындалуға тиіс.

top: 8.4pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>Балалар тағамын қоса алғанда, тамақ өнімімен байланысқа түсетін орауыш 1-қосымшада көрсетілген санитариялық-гигиеналық көрсеткіштерге сәйкес келуге тиіс.

Орауышты санитариялық-химиялық зерттеуді үлгілеу шарттары 2-қосымшада көрсетілген.

Балалар тағамын, парфюмерлік-косметикалық өнімді, ойыншықтарды, балалар түржиыны бұйымдарын қоса алғанда, тамақ өнімін буып-түюге арналған орауыш олармен түйісетін үлгілік және ауа орталарына адам денсаулығы үшін зиянды, химиялық заттардың шектік жол берілетін көшіп ауысу мөлшерінен аспайтын мөлшердегі заттарды бөлмеуге тиіс.

М.Телғараев,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы

Яндекс.Метрика