«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН АЛЫНҒАН ҮЙДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ БОЛА МА?

Бұл көптеген тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақ болар. Қазіргі әрекеттегі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында беріліп жатқан үйлер жекешелендіру құқығынсыз.

Яғни, жекешелендіре алмайды. Ол деген сөзіміз, соңғы 3 жылда, 2018, 2019, 2020 жылдары беріліп жатқан үйлер жекешелендірілмейді.

Бірақ, егер де, үйді алған кезде баласы сол кезекке тұрған отбасы құрамында болса, ол үй баласына қала береді. Бұл жерде де түсінуіміз керек нәрсе – мемлекет меншігінен өзінің, не баласының атына жеке меншікке аудара алмайды.

Сол сөз етіп отырған 2018 жылға дейін берілген үйлердің бағасы қалдық құнымен заң талаптарына сай жекешелендіру мүмкіндігі бар болған болса, қазіргі үйлердің ондай артықшылықтары жоқ. Қарастырылмаған.

Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика