Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы қаладағы тұрғын үй саясатын іске асыруда жұмыстар атқарады. Қазіргі таңда кадрлық құрамы 15 штаттық бірлік. Қызметтерге байланысты 3 функцияналдық бөлімі бар, әкімшілік-меңгеру бөлімі, тұрғындарды тұрғын үй кезегіне тұрғызу және үй беру бөлімі, несиелік тұрғын үйлермен айналысатын бөлімдер. Әр бөлім өздеріне белгіленген міндеттеріне жауап беріп, қызметтерін атқарып отыр.
Несиемен берілетін үйлер жаңа үй болуы керек. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасымен 20 миллион теңгеге дейін қаржы беріледі. Ол ақшаға жеке тұрғын үй ала ма, ала алмай ма, ол енді екінші мәселе. Қазіргі бағдарламаға қатысып жатқан кісілердің көбісі көпқабатты тұрғын үйлерден алғысы келеді.
Қазір жастарға беріліп жатқан үйлер 5 жылға дейін беріледі. Бұл «Жастар» бағдарламасымен рәсімделетін пәтерлер. Ондағы бағдарламаның негізгі мақсаты – жастарымыз баспанаға қажетті қаржыны жинақтап, несиеге рәсімдеу мүмкіндігін беру, қажеттілігін қанағаттандыруды көздейді. Қазірше, қолданыстағы заңдарға байланысты ол пәтерлерін ипотекаға рәсімдей алмайды, жекешелендіре алмайды.
Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ
Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы
Leave a Reply