Жалпы, пандемия кезінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу мақсатында тиісті бұйрық шығарылды. Сол бұйрыққа сәйкес, 2 ай көлеміне, сәуір және мамыр айларына төлем берілді. Оның көлемі әр айға 15 мың теңге көлемінде болды.
Бұл процес біздің басқарма арқылы жүзеге асты. Сол кезде біз арнайы сайт ашқан болатынбыз, communal-komek.kz деген. Сол сайт мүмкіндігі және бұйрыққа сәйкес арнайы құрылған coll-center арқылы да өтінім қабылдадық.
Жалпы, 34171 азамат өтініш білдірген болса, соған сәйкес санаттарға бөлінді. Ол санаттар ішінде І-ІІ топ мүгедектері, «Ұлы Отан соғысы» мүгедектері мен ардагерлері, мүгедек балаларды тәрбиелеушілер, көп балалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және мемлекеттік қызметті атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары алу көзделген.
Осы жерде бір айта кетерлік мәселе, пәтер жалдап тұрған жоғарыдағы санаттағы азаматтарға ол төлем берілмеді. Сондықтан, 34171 азаматтың бүгінгі таңға біздің басқарма мақұлдағаны 28236 адам болды, 847 млн теңге қаржы арнайы коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің шотына аударылды. Яғни, ол қаржы жеке азаматтарға емес, олардың бет есептеріне, мекемелердің коммуналдық қызметтері үшін берілетін түбіртектері есебіне жүргізілді.
Өкінішке қарай, заң нормасына сай келмейтін 6412 адамның өтініші кері қайтарылды. Олардың дені арендалық үйлерде тұрып жатуына байланысты төленбеді, ал немесе туыстарының үйінде тұрғандарға төленді.
Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ
Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы
Leave a Reply