ЖАЛҒА БЕРІЛГЕН ПӘТЕРЛЕРДІ ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АПТА САЙЫН ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Тұрғын үй жаңадан салынған кезде пайдалануға бермес бұрын арнайы жұмысшы топ құрылып, оған құрылыс басқармасынан және біздің басқармадан мамандар кіреді, сол жұмысшы топ ғимаратты салған компанияға кепілдік мерзімі ішінде ақаулар анықтала қалса, оны жою жайында талап қояды.

Жаңадан пайдалануға берілген үйдің сапасына кепілдік мерзімі болады. Ақаулар анықтала қалған жағдайда жазбаша өтініш қабылдап, Құрылыс басқармасымен бірлесіп, сол кепілдік мерзіміне қарай мердігер мекемеге талап қою арқылы шешеміз. Тиісінше жұмыстар атқарылады.

Ал жалпы, алған үйлерін жалдаушы тұлғалар бүлдіре қоймас, өйткені олар да пәтердің бүлінбеуіне мүдделі болуы керек. Тұрғындар сол пәтерлерде тұрып жатқасын, мүлікті бүлдірмеу жайында жалдау туралы келісім шарттарда талаптар қарастырылған, жазылған, жалдаушы жауапты.

Ал, сыртқы келбеті, шатыр жабыны және подъездерін жөндеу жөнінде қала әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы қаралып жатыр, 2004 жылдан бастап бірінші берілген 29 тұрғын үйге техникалық талдау жүргіздік. Енді солардың жөнделуі бойынша келе жатқан 2021 жылы жобалық сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеуге ұсыныс берудеміз. Құжаттама әзірленіп болғаннан кейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлаудамыз.

Ол үйлерде көбінесе мынандай мәселелер қосымша туындап жатыр: өзге тұлғаларға арендаға беру фактілері кездесіп жатыр. Яғни, жалға алған пәтерлерді тағы да үшінші тұлғаға жалға беру оқиғасы. Бұған байланысты басқарма тарапынан тұрғындарға 1 мыңнан астам ескерту парақшасы таратылған. Ескерту алғасын арендаға берген пәтер иелері қайта өздері келіп тұра бастады. Десек де, бүгінгі таңда 2 келісім шартты бұзу жұмыстары жүргізіп жатыр. Бұған дейін 2 рет ескерту қағазы берілді, ол екеуі де пәтерлеріне қайта келіп жайғаспады, келісім шартты бұзуға тура келді. Мұндай түгендеу жұмыстарын апта сайын тұрақты түрде жүргізіп отырмыз.

Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика