2024-07-27

«ЖИҺАЗ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ КО ТР 025/2012

«Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламенті КО ТР 025/2012

«Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында 2010 жылғы 18 қарашадағы Техникалық реттеудің бірыңғай талаптары мен ережелері туралы келісімге сәйкес әзірленді.

Еуразиялық Экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылы 15 маусымдағы № 32 шешімімен қабылданды.

«Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті Кеден одағының аумағында жиһаз өнімдерін жасап шығару мен қолданысқа енгізуге арналған талаптарды белгілеу, Кеден одағының аумағында айналымға шығарылатын жиһаз өнімдерінің қиындықсыз тасымалдануын қамтамасыз ету үшін жасалды.

Қолданылу саласы

«Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»техникалық регламенті Кеден одағының аумағында адам өмірін және денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірін, денсаулығын, өсімдіктерді қорғау, сонымен қатар тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында жиһаз өнімдеріне және жиһазды қолдану талаптарын белгілейді.

«Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент Кеден одағының аумағында айналымға шығарылатын жиһаз өнімдеріне, тұрмыстық, қоғамдық үй-жайларға арналған, жеке тапсырыспен жасап шығарылған жиһаз бұйымдарына, жинақтарына, гарнитурларына қолданылады.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау

  1. 1.Техникалық регламент бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті растау процедурасынан өткен жиһаз өнімдерінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланған таңбалауы болуға тиіс.
  2. 2.Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау жиһаз өнімдерін нарықтағы айналымға шығарар алдында жүзеге асырылады.
  3. 3.Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірығай белгісі әрбір жиһаз бұйымының алып салынбайтын бөілігіне орналастырылған таңбалау құлақшасына (затбелгіге) түсіріледі. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісін жылжытпалы жәшіктердің, орын ауыстырылатын сөрелердің және басқа бөлшектердің, оның ішінде ауыстырылатын жинақтаушы бұйымдардың бетіне түсіруге жол беріледі.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі сондай-ақ жиһаз өнімдеріне салынатын қоса жүретін құжаттарға, тауарлық-тасымалдау жүк құжаттарына түсіріледі.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі жиһаздың бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде айқын бейнені қамтамасыз ететін кез келген тәсілмен түсіріледі.

  1. 4.Бөлшектелген түрінде жеткізілетін, құрастырылатын-бөлшектелетін немесе әмбебап-құрастырылатын құрастырылымды жиһаз бұйымдары үшін Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісін тек олардың орауышына және оларға салынатын қоса жүретін құжаттарға түсіруге жол беріледі.

Сәйкестікті растау

Жиһаз өнімдерінің сәйкестігін растау Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 621 шешімімен бекітілген бірегей сатыларға және үлгілік сәйкестікті бағалау сұлбаларына сәйкес іске асырылады.

Сәйкестік туралы декларация және сәйкестік сертификаты әрбір өнімнің қызмет ету мерзімі ішінде сәйкестік туралы декларацияның немесе сәйкестік сертификатының қолданылу уақытында Кеден одағының аумағында айналымға шығарылатын жиһаз өнімдеріне Кеден одағының аумағында қолданылады.

 

Б.БАШАЕВ,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы

Яндекс.Метрика