СПОРТ АЛАҢҚАЙЛАРЫН АШУҒА ДЕМЕУШІЛІК ЖАСАДЫ

Ел азаматтарының барлық жастағы өкілдері арасында бұқаралық спортты дамыту жөнінде Президент тапсырмасы бар. Соған сәйкес, Шымкент қаласында екі бірдей спорт алаңшасы ашылды. Әл-Фараби ауданындағы Әлімбетов көшесі №45в үй ауласы және Текесу тұрғын алабында пайдалануға берілген спорт алаңшалары жеке кәсіпкер С.Төлбасовтың жеке қоры демеушілігі есебінен салынды.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары М.Исақов бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген демеушілерге өз алғысын білдірді. «Қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағында аула ішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл бюджет есебінен қала аумағына қосымша 101 спорт алаңын соғу жоспарымызда бар. Ал, биыл Әл-Фараби ауданы аумағында өңіріміздің кәсіпкері Серік Төлбасовтың жеке қоры демеушілігі есебінен 7 спорт алаңшасы соғылып, пайдалануға берілетін болады. Бүгін сол спорт алаңшасының екеуі халық игілігіне беріліп отыр. Бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып, өскелең ұрпақтың мүддесін ойлап жүрген жомарт азаматтарға алғысымыз шексіз! Қоғамға пайдалы істеріңізді қала тұрғындары ұмытпайды»,-деді қала басшысының орынбасары.

Спорт алаңдары воркаутпен айналысуға арналған спорттық жабдықтармен және дене жаттығуларына арналған аймақпен жарақтандырылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент тапсырмасына орай, қалада биыл дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар көрсеткішін 31% ұлғайту жоспарланған.

С.Дүйсебайұлы

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика