АҚТАСҚА МЕКТЕП 2022 ЖЫЛЫ САЛЫНАТЫН БОЛДЫ

«Қызмет» газетінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №7-8 (474) нөмірінде Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Ақтас шағынауданы тұрғындарының өтінішімен «АҚТАСҚА МЕКТЕП КЕРЕК» атты мақала жарияланған болатын. Ол материалды kyzmet-gazeti.kz сайтына да жариялап едік. Сол көтерген тақырыбымызға орай редакциямызға қала әкімдігінің тиісті сала басшыларынан АҚТАСҚА МЕКТЕП 2022 ЖЫЛЫ САЛЫНАТЫНЫ ТУРАЛЫ жауап келді.

Қала әкімі тарапына қаратып жазылған мақаламызға Ақтас шағынауданы қарайтын Абай ауданы әкімдігі жауап беріпті. Ресми хатта Шымкент қаласының егжей тегжейлі бас жоспарына сәйкес, Ақтас маңынан 900 орындық мектеп құрылысы 2022 жылы салынатыны айтылған. Хатқа қол қойған аудан әкімінің орынбасары Н.Тілеш деген лауазымды тұлға 2020 жылдың 24 шілде күнгі №01-29/ЗТ-Н-17 санды хатында «900 орындық мектеп құрылысы 2022 жылға жоспарланған. Бүгінгі таңда аталған мектеп құрылысын салуға қажетті жерге орналастыру жобасы дайындалып, 2,1143 га жер теліміне құжаттар рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймын» деп жауап берген.

Ақтас пен Арғымақ шағынаудандары көршілес жатқандықтан, әрі бірге бой көтеріп келе жатқандықтан мәселелері де ортақ елді мекендер. Мектеп мәселесін шешудің бастапқы сатысында қазірше қос ауданның ортасынан бір мектеп ашу арқылы белгілі бір кезеңге дейін шеше тұруға болады. Оны төмендегі карталардан көруге болады.

Шымкенттің Бас жоспарынан кесінді
Ақтастағы мектеп орны қаралған жер мен Арғымақтың арасы 1,5 шақырым ғана

Біз көтерген тақырып аясында осы жайттарды да арнайы хатпен түсіндіре жазған едік. Әкімдіктің жазған жауап хатынан түйгеніміз, біз ойлағандай, Арғымақ пен Ақтас шағынаудандарындағы мектеп мәселесін қатар шешуді қараған секілді.

Құзырлы органның мектеп салынады деген 2022 жылы да қыр астында тұр. Әне-міне дегенше ол шақ та туып қалады. Ал, қазірге ақтастықтар мен арғымақтықтар көңіл жұбатып, мектеп құрылысы басталатын көктемді күте тұру керек.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика