2022-08-19

Ақ халаттылар айқасы немен бітті?

tories/zdrav1.jpg» />    2012 жылғы 31 тамыз күні республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде «Дауға нүкте қоятын кез жетті» деген тақырыпта жарық көрген мақалаға орай облыс әкімінің  12 қыркүйектегі өкімімен аталған материалда айтылған фактілерді тексеру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды.

Мақалада айтылған мемлекеттік сатып алу және тендерді өткізуге қатысты жайды жұмыс тобы зерттеп, зерделемеді. Себебі, үстіміздегі жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өткізген мемлекеттік сатып алу, тендерді ұйымдастыру және жүргізу заңдылығын анықтау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитетінің ОҚО бойынша  департаменті, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы 3 тақырыптық тексеру жүргізген.

            Құзырлы органдар тексерулерінің қорытындылары бойынша нәтижелері
облыстық денсаулық сақтау басқармасы өткізген конкурстық комиссия шешімдеріне
кері әсерін тигізбегені анықталған. 2012 жылы өткізілген тендерден талапқа сай
болмағандықтан шеттетілген компаниялардың арыздары бойынша сот процестері
жүргізіліп, сот шешімдері денсаулық сақтау басқармасының пайдасына шешілген
.

Жұмыс тобы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ж.Исмаилов туралы облыстағы 45 бас дәрігермен жеке-жеке әңгімелесу өткізіп, олардың ой-пікірлері сұрастырылған. Нәтижесінде, бас дәрігерлердің басым бөлігі Ж.Исмаиловты бірінші басшы ретінде оң бағалаған.

Жұмыс тобы тексеру жұмыстарын жүргізіп, облыс әкімінің қарауына мынандай ұсыныстар енгізді:

1. Қ.Ыдырысов, С.Рахымбердиев, А.Ошақбаевтың қызметтен босатылуы заң шеңберінде жүзеге асырылған. Дегенмен, Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы тарапынан денсаулық сақтау жүйесінде ұзақ жылдар қызмет атқарғанын, тәжірибесін ескеріп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес, оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыру;

            2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ж.Исмаиловқа өзінің мінез-құлқымен қызмет барысында қарамағындағылармен мемлекеттік қызметшінің ар-намыс Кодексінің қағидаларын сақтамағаны үшін шара көру (Облыс әкімінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ж.Исмаиловқа сөгіс берілді);

            3. Денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Б.Нажметдинұлына Қазақстан Республикасының заңнамасында білгіленген тәртіппен, алдағы уақытта осындай келеңсіз жағдайларға жол бермеу мақсатында тиісті шаралардың қабылдануын, ар-намыс Кодексі қағидаларының денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлер
арасында сақталуын және моральдық-этикалық ахуалды жақсарту үшін өз тарапынан
шешу жолдарын қарастыру тапсырылды.

                                                                                                   

 Облыс әкімі аппаратының

баспасөз қызметі

2012 жылғы 25 қыркүйек

{jcomments on}

Яндекс.Метрика