2024-07-27

«Туркология» импакт-факторлы журналға айнала ма?

tories/i11.jpg» />ХҚТУ «Түрколгия» ғылыми зерттеу институты бірқатар іргелі зерттеулермен айналысуда. Институтының ғалым –хатшысы доцент Б.Әбжеттің мәлімдеуінше, институт қызметкерлері көптеген мекемелермен байланыс орнатып, Түркі академиясының грантын, Білім және ғылым министрлігінің грантын жеңіп алған. Институт директоры Д.Кенжетай ҚР Дін істері агенттігі, Әділет тарапынан бөлінген гранттарды жеңіп, «Дінтану»оқулығын жазып, баспадан шығарды.Министрлік грантымен   ғалымдар «Тұран және Иран мәдени байланыстары» деген тақырыпта жұмыс жасап жатыр. Жуықта тағы бір сүйінішті хабар жетті. Институт ғалымдарының «ХХІ ғасыр: Түркі әлемінің мәдени байланысы, бірлігі және дамуы» ғылыми жобасы, жетекшісі Мамбетов К. (жетекші), Балтабаева А.Ю., Малдыбек А грант ұтып алды. Небары он жылдай ғана тарихы бар шағын ұжым болғанымен институт бүгінде елімізде cалалас ғылыми –зерттеу ошақтарымен байланысып, іргелі зерттеулерге қатысып жүр . Институттың директоры болған белгілі түркітанушы ғалым 
Шәкір Ыбраев бүгінде Астанадағы Түркі Академиясын басқарып отыр. Аталмыш Академияның құрылымдарын жасауға біздің институт та
тікелей атсалысып, министрлікке ұсыныстарын берді.Оны көпшілік біле бермеуі де мүмкін-дейді ғалым хатшы.

     «Маусым айында Алматыдағы «Ғылым ордасында» өткенсеминарға қатысып қайттым. Бұл семинарда бүгінгі таңда ғылымды дамыту, ғалымдардың нарық дәуірінде өз жұмыстарын жарнамалауы, оларды өндіріске енгізу проблемалары, ғылыми ұжымдар мен ғалымдардың ғылыми жобаларға қатысуы жайлы жан-жақты айтылды. Семинардың соңғы күні әлемдегі импакт-факторлы журналдар және еліміздегі ғылыми журналдарды импакт-факторға айналдыру жолдары жайында әңгіме болды. Міне, қазір біздер институтымыздың үні «Түркология» ғылыми журналын импакт-факторлы журналға айналдыруға күш салып жатырмыз. Мақалалардың денін ағылшын тіліне аудартып басуға тырысамыз.

Ғылыми-журналдардың импакт-факторлы журнал ретінде танылуы үшін бірнеше критерийлері бар. Соның негізгі төрт критерийі бүгінде-ақ біздің журналымыз тән . Олар: мақалаларың төрт тілде (қазақ, түрік, ағылшын, орыс) жарық көруі, Халықаралық Индекс тіркеуі болуы(Парижден берілетін ІSBN),мақалалардың резьюмелері 4 тілде аударылып берілуі,журналда
жарияланған мақалалардың электрон нұсқасы сайтында жарияланып тұруы. Біздің журналымыздың сайты 5 жылдан бері жұмыс істейді, мақалаларға сайтында жарияланады.

         Бұдан басқа институт өзінің жоспарлаған конференцияларымен ғылыми жиындарды тұрақты өтікізіп келеді. Екі жыл сайын Түркология конгресі дәстүрлі түде өткізіліп келеді. Сонымен қатар, қараша айында академик Р.Бердібайдың 85 жылдығына орай «Түркі мәдениетінің жаһандану дәуіріндегі алатан орны» атты халықаралық ғылыми конференция өткізілмек.

Әтіркүл Тәшімова

{jcomments on}

Яндекс.Метрика