ТҰРҒЫНДАР АБАТТАНДЫРУ МЕН КӨРІКТЕНДІРУ ІСІНЕ ҚАЛАЙ АРАЛАСА АЛАДЫ?

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, және ҚР Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 12-наурыздағы №254 бұйрығына сәйкес, «Халық қатысатын бюджет» жобасы 2021 жылдан бастап, қаладағы 4 аудан әкімі аппараттары деңгейінде жүзеге асыралатын болады.

«Халық қатысатын бюджет» дегеніміз не? Ол – азаматтардың, тұрғындардың жергілікті бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігіне қатысу. Бұл жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде аудан әкімі аппараттары арқылы аумақтарды дамыту және абаттандыру.

Бұл жоба пилоттық режимде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аудан әкімі аппараттарында жүзеге асырылған болатын. Қазіргі таңда бұл жобаны Шымкент қаласында атқару бойынша қала әкімімен тиісті іс-шаралар жоспары бекітіліп, қаладағы 4 аудан әкімдіктері сол жоспарға сай тиісті жұмыстар атқарып жатыр. Бүгінде жұмысты іске асыру мақсатымен арнайы open-shymkent.kz  интернет ресурсы әзірленген.

Осыған орай, «Халық қатысатын бюджет» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жобаны іске қосу бірнеше кезеңнен тұрады.

Жоғарыда айтылған сайт арқылы тұрғындардан ұсыныстар жинақтау. Тұрғындар аудан әкімі аппараты құзіретіне кіретін салалар бойынша ғана ұсыныс бере алады. Олар: аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайғастыру, пандустар мен арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аллеясы, т.б.) құру, жөндеу және жарықтандыру, сондай-ақ, бардюрлер мен брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарында орындықтар, урналар, және балалар ойнауы мен ересек тұрғындардң демалуы үшін жабдықтар мен констуркциялар орнату мен оларды жөндеу секілді тірліктерге ұсыныс бере алады.

Айбек СӘТТІБАЕВ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика