«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге кешенді аттестаттау

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен белгіленген кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестациясы өткізілуіне байланысты 2017 жылдың 1 ақпанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде түсіндіру жұмыстарына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Департаменттің басшысы Егембердиев Оразғали Қуандықұлы «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге кешенді аттестаттаудың маңызы мен салдарын, сондай-ақ аттестаттау кезеңдерін өткізу ерекшеліктеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі тарапынан «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестаттауы», «Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау қалай өткізіледі?», «Аттестаттаудың кезеңдері» тақырыптарында әзірленген бейнероликтері қаралды.

Семинар барысында туындаған барлық сұрақтар Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен талқыланды.

А.Нұртаева

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменттің жетекші маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика