КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есебаев аймақ халқын Конституция күні мерекесімен құттықтады.

Құттықтауда «Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мереке 30 тамыз -Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде тиімділігін дәлелдеп, сол күннен бастап тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді.
Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жжеткіздік Біз айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық- саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу тұтастай Ата-Заңымыздың аясында атқарылып келеді»
делінген.

Сондай-ақ, аудан әкімі «Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды.
Әрбір қазақстандық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жекебасы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
«-деп атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика