ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Б.ЖАҚЫПОВТЫҢ ЖЕКЕ МУЗЕЙІ ДЕ АШЫЛМАҚ

Шымкентте даңқты былғары қолғап шебері, әлем чемпионы Біржан Жақыпов бас болып ашқан «Али спорт» кешенінің салтанатты тұсаукесері өтті. Белгілі спорт журналисі Ілияс Жолдастың мәлімдеуінше, «Али спорт» кешені Шымкент қаласы Еңбекші ауданының 18 шағынауданы №78а мекен жайында орналасқан.

Спорт кешені балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы жүзеге асты. БЖСМ ғимараты — бір қабатты, залдағы оқу-жаттығу сабақтарында өткізу қабілеті 192 адамды құрайды:

1) Бокс – 48 адам/аптасына,

2) Кикбоксинг – 48 адам/аптасына,

3) Дзюдо – 48 адам/аптасына,

4) Джиу-джитсу – 48 адам/аптасына.

Жиынға қатысқан Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов:

— Аталған МЖӘ жобасының мақсаты — 18 шағынаудан мен Шымкент қаласының тұрғындары үшін дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдай жасау. БЖСМ кестеге сәйкес жастар арасында кеңінен қолданылатын түрлі спорт түрлері бойынша залда күнделікті спорттық-жаттығу сабақтарын, оның ішінде олимпиадалық спорт түрлерін өткізуге арналған, — деді.

Ашылу салтанатына чемпиондар мен бапкерлер қатысып, кешеннің лентасын қиды. Олардың қатарында бапкер Мырзағали Айтжанов, Олимпиада чемпиондары Ермахан Ибраймов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, жүлдегер Мұхтархан Ділдәбеков, әлем чемпиондары Ердос Жаңабергенов, Қайрат Ералиев сынды спорт саңлақтары болды.Елімізді жұдырығымен жаһанға танытқан боксшылар, жаттығып жатқан жас спортшылармен естелік суретке түсіп, олардың спорттағы еңбектеріне табыс тіледі.

Айта кетсек, жаңадан ашылған кешеннің басшысы Жақып Байханұлы Құттыбеков деген кісі екен. Ол Біржан Жақыповтың туған әкесі. Кешенде алдағы кездері Біржанның спорт даңқына арналған мұражай ашылмақ.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика