САҚ БОЛЫҢЫЗ, БОТУЛИЗМ!

Ботулизм — клостридия микроорганизмдері өндіретін ботулиндік токсиндердің орталық жүйесін ауыр зақымдануымен сипатталатын, арнайы емсіз өлімге әкелетін жедел жұқпалы ауру.

            Ботулизм микробтары табиғатта кең тараған. Оның спорлары  сыртқы  орта әсеріне өте төзімді, топырақта ұзақ уақыт бойы сақталады. Топырақпен бірге суға, азық-түліктерге, көкөністерге таралады. Ауасыз (анаэробты) жағдайда олар адам үшін өте улы токсиндер бөліп  шығарады.

            Ботулиндік токсин – адамзатқа белгілі ең күшті табиғи у болып саналады, құрамы жағынан белокты нейротоксин  күштілігі бойынша ең улы жылан уынан жүздеген есе артық.

            Ботулизм ауруы кенеттен үй жағдайында дайындап, консервіленген саңырауқұлақтарды, көкөністерді жегеннен кейін пайда болады. Әсіресе, бұл тағамдар үй жағдайда дайындалғанда қауіптілігі жоғары. Себебі, ботулизм спорлары жоғарғы температураға төзімді: 100ºС қайнатқанда 5-6 сағат бойы сақталады, 120ºС-та 20 минут кейін ғана тіршілігін жояды. Аталған  тағамдарды өндірістік жолмен дайындағанда ботулизм жұқтыру мүмкіндігі өте төмен. Өйткені,  120ºС-та автоклавтау  технологиясы  қолдануы.

Ауруға  тән белгілер:

Жалпы әлсіздік, ауыз құрғау, жүрек айну, құсу, іштің бүріп ауруы, іштің өтуі, көздің көруінің бұлдырап тұмандануы, заттардың қосарланып көрінуі,  тамақтың ауыруы, жұтынудың нашарлауы, ауыр түрінде дем алудың қиындауы.

            Ауру  күдікті тағам қолданған соң 1-2 сағаттан немесе бірнеше күннен кейінде пайда болуы мүмкін.

            Қайнатылмай  дайындалатын тағамдар,  тұздалған, ысталған балықтар,  шұжықтар төменгі температурада сақталуы тиіс (10ºС төмен). Жалпы, консервіленген тағамдардың  бәрін төменгі температурада сақтап қолданар алдында 40-30 минут бойын қайнатып алған дұрыс. Ұлкен ыдыстарда, көп  мөлшерде тұздалған тағамдар дайындау қауіпті, өйткені оның түбінде ауасыз жағдай қалыптасып ботулизм токсині түзілуі мүмкін.

            Қалай дайындағандығы белгісіз, дайындау сақтау мерзімі көрсетілмеген, ұзақ сақталған тағамдарды кездейсоқ жерлерден, базарлардан сатып алудан сақ болыңыз.

            Егер, күдікті тағамдар қолданған кезде және аурудың белгілері пайда болса тез арала дәрігерге қаралу қажет.

Л.ТУРТАЕВА

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы СЭББ-ның бас маманы

  • Related Posts

    Шымкентте отбасының цифрлық картасы түзіледі

    «Мемлекет басшысы отбасының цифрлық картасын түзуді тапсырды. Яғни, Қазақстанның әрбір отбасы өзіне мемлекет тарапынан қандай кепілдендірілген көмек бар екенінен хабардар болып отырады. Яғни, белгіленген статусына қарай әлеуметтік көмекті алады және…

    ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

    Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика