2022-05-24

ФОРТИФИКАЦИЯЛАНҒАН ҰНДЫ ПАЙДАЛАНУ ТЕМІР ТАПШЫЛЫҒЫ АНЕМИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

         Адамның денсаулығына қаупі бар мәселелердің бірден-бірі, ол тағамдағы темір және фолий қышқылы сияқты витаминдер мен минералдардың жетіспеушілігі себебінен болатын теміртапшылығы анемиясы.

         Белгілі дереккөздердің мәліметіне сәкес, темір мен фолий қышқылы жетіспеушілігі  анемиясына байланысты жүктілік пен босану кезіндегі өлімінің 4% анемияға байланысты, анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды 30-40% жиірек босанады, жүрек-тамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке басқа жүйелер функциялары бұзылады, дене күші мен  төзімділіктің 20-30%-ға, ал оның салдарынан жұмыс істеу қабілеттілігінің 17% -ға төмендейді, шала тууға, кутпеген түсік пен өлі тууға, нәрестенің дамуындағы туа біткен ақаулыққа әкелу қауіп-қатері жоғары деңгейде кездеседі, жас балалардың дене бітімі (психомоторлық) дамуындағы жетілмеуі және  әлсіреген имммунитет, індет пен зиянды  экологиялық факторларға қарсылығы  (тұрақтылығы)  нашарлайды.    

         Витаминдермен мен минералдардың жетіспеушілігі проблемасын шешу ол, жаппай және үнемі тамаққа қолданатын азық-түліктерді жетіспейтін компоненттермен  фортификациялау (байыту) болып табылады.

       Бидай ұны әмбебап және күнделікті қолданылатын өнім болғандықтан, жоғарғы және бірінші сұрыптарын фортификациялау, адам ағзасы үшін темір мен витаминдер тапшылығының орнын толтыру мәселесін шешуде қолайлы, тез және экономикалық жағынан өте тиімді әдіс.

       Фортификация(байыту), ол – ұн тарту кезінде витаминдер мен минералдарды (премикс деп аталатын витаминді-минералды кешен) қосу процесі. Табиғи түрінде бидайдың сыртқы қабығында болатын витаминдер мен минералдар, ұнды тарту кезінде  жойылып кетеді, ал фортификациялау кезінде витаминдер мен минералдар ұнға қайтарылады.

        Фортификациялау процессі кезінде жоғарғы және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В тобының витаминдері  қосылады. Қосылған элементтер тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органолептикалық (түсі, дәмі, иісі) және басқа да  қасиеттеріне әсерін тигізбейді.

       Бұл әдіс 50 жыл ішінде кең таралған технологияға айналып, 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заңдар қабылданды. Фортификациялау көпшілік тұтынатын тамақ өнімдерін асқа пайдалану арқылы халықтың денсаулығын жақсартудың арзан және аса тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады.         

Л.ТУРТАЕВА

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы СЭББ-ның сан.-гиг. қадағалау бөлімінің  бас  маманы

Яндекс.Метрика