ЛИТВАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ШЫМКЕНТТЕ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін, білім деңгейін және практикалық дағдыларын арттыру мақсатында Шымкент қаласына бір топ Литвалық дәрігерлер келді. Шеберлік сабағына қаладағы медицина ұйымдарынан 50-ге жуық маман қатысты. Тренингті өткізу үшін Каунас қаласынан халықаралық деңгейдегі мамандар, профессорлар, магистрден тұратын Литва денсаулық ғылымдары университетінен мамандар бригадасы арнайы шақыртылды.
Шетелдік мамандар бір аптаға жуық жүкті әйелдер мен жаңа туған шақалақтарға медициналық көмек көрсету әдістері бойынша біліктіліктерімен бөлісті. Симуляциялық манекендерде практикалық дағдылар да пысықталды. Оқыту жұмыстарын ұйымдастырған мамандардың сөзінше, мұндай шеберлік сабағы жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге дер кезінде шұғыл акушерлік, неонаталдық, реанимациялық көмек көрсету сапасын арттырып, ана мен бала өлімін азайтуға зор септігін тигізеді.
-Литвалық дәрігердің үйрету әдісінің ерекшелігі- олар теория мен практиканы дұрыс ұштастыра біледі. Мәселен, екі сағат теория оқытса, сол оқытқан теория сабағы бойынша практика жүзінде шеберлік сабағын өткізеді- дейді, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек.
Айта кету керек, биыл Шымкент қаласы әкімідігі тарапынан медицина мамандарын оқыту үшін 36 млн қаражат бөлінді . Жыл басынан бері 10 мыңға жуық медицина маманы кәсіби біліктілігін шыңдады. Мәселен, 800 маман жергілікті бюджет есебінен оқыса, қалғандары емдеу және аурухана есебінен оқыды.
Жалпы екі жақтың мамандарының пайымдауынша білікті дәрігерлердің тәжірибе алмасу жұмыстары медицина қызметінің сапасын жақсартып, мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауға зор мүмкіндік береді. Сондықтан да байланысты нығайтып, екі елі дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бел байласты. Осылайша, тараптар білікті де білімді мамандарының санын арттырып, халыққа көрсетілетін қызметтік сапасын көтермек ниетте.

Related Posts

Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика