ШЫМКЕНТ  ҚАЛАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНА -45 ЖЫЛ!

Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады. Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Биыл Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасына  – 45 жыл толып отыр. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айында облыстық Мәдениет басқармасы бұйрығының және Мәдениет Министрлігінің 23.12.1977 жылғы хатының негізінде ұйымдастырылған. Жасөспірімдер кітапханасы   14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 17- 29 жас аралығындағы жастарға, олардың тәрбиесімен айналысатын ұстаздар мен тәрбиешілерге, басқа да оқырмандар категорияларына қызмет көрсететін ірі мәдени-ағарту, білім беру, ақпараттық орталық болып табылады. Кітапханадағы кітап қоры 174 мың, жылына 24 мыңнан астам  кітапсүйер оқырманға ұсынылады. Жасөспірімдер кітапханасы – бұл даналық қазынасы. Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандардың бірнеше ұрпағын өсіріп, жастарды тәрбиелеу үшін үлкен жұмыс атқаруда. Кітап дәуір мен ғасырдың арасын жалғастырса, кітапхана қызметкері кітап пен оқырман арасын жалғастырушы дәнекер. Еліміздің ертеңі, өскелең ұрпағымыздың  кітап оқуға құштарлығын оятып,    рухани сусындап, әдеби-мәдени ой өрісін ертеден қалыптастыру мақсатында  «Әжемнің ертегісі» жобасы бойынша  іс-шаралар өтеді. Кітапханада жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқу үрдісін жаңғырту мақсатында  «Кел сырласайық, қыздар!», «Жақсы адаммен жарты сағат», «Айна»  мүдделестер клубы жұмыс істейді. Кітапханада 3 веб сайт оқырман үшін қызмет көрсетеді. «Адамды адам еткен—кітап, адамзат еткен—кітапхана», —деген болатын ҚР-ның халық жазушысы Ә. Кекілбаев. Өзіңді де, өзгені де тану үшін кітап керек. Анығында, адамның адам аты болу үшін ғылым-білімді игеруі қажет. Қазақтың ұлы ақыны Абайдан бастап бүкіл ағартушы, зиялыларымыз да осыны талап етеді. Бұл адамның ең ұлы мақсатына айналу керек дейді.Онсыз сен жай күніңді көріп жүрген хайуан екенсің. Кітап оқу арқылы адамның жан дүниесі тазарады, әлемге, жанындағы адамдарға басқаша көзқараспен қарай бастайды, өмірге махаббатпен қарауды үйренеді, мәселелерді ақыл көзімен саралайды.  Сонымен қатар,  адамның шығармашылық қабілетін дамытады,креативтілікке әкеледі және ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытады. Үшіншіден,сөздік қор көбейеді,яғни әдеби және тағы басқа кітаптарды оқи отыра адам жаңа сөздер үйреніп,білім деңгейін көтереді. Төртіншіден,оқу альцгеймер ауруының алдын алады екен.Кітап оқитын адамның ми белсенділігі жоғары болғандықтан,ми аурулары алдын алынады.Және адам өз миының 10%-ын ғана жұмыс істетеді десек,кітап оқымайтын адамдарда миының жұмыс істемей тұрған бөліктері кітап оқитындарда жұмыс істеп тұрады.Яғни,кітап оқитын адамдар белсенді және жан-жақты айқын ойланып,дұрыс шешім қабылдай алады деген сөз.

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика