Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына тікелей байланысты. Шымкент қаласында статистикалық есеп бойынша 1077 спорттық нысан тіркелген (оның ішінде, дене шынықтыру және спорттық мәндегі – 521, білім мекемелерінде – 503, спорт мекемелерінде – 53). Жалпы 1077 спорт нысанның 150-і жеке меншікте. 2023 жылдың 1 тоқсанында шаһарда «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы» пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін қосымша 4 спорт кешенінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылмақ. Олар – «Металлург» стадионы, №12 спорт мектебінің қосымша корпусы, №20 спорт мектебінің спорт кешені және «SPORT LIFE» футбол орталығы. Шымкентте бұқаралық спортпен шұғылдануға барлық жағдай бар. Бұқаралық спортпен қамтылғандардың үлесі жылдан-жылға артып келеді. Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. Иә, бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі. Шымкентте 14 мың баланың спортпен шұғылданып жатқанын тек құптау керек. Бірақ халқының демографиялық өсімі жоғары шаһар үшін мұның өзі аз сияқты. Себебі қазір Шымкенттегі 204 мектепте 250 мыңға жуық оқушы білім алуда. Президенттің республика бойынша 4,5 миллион бала спорт секциялары және өнер үйірмелерімен қамтылуы тиіс деген тапсырмасы орындалуы үшін көрсеткіштер еселеп артуы керек. Тек Алматы облысындағыдай жағдай өзге аймақтарда да қайталанып, мемлекеттік спорттық тапсырыстың аясында жан басына қаржыландыру жүйесі тоқтап қалмаса деген тілек бар.
Қызмет ақпарат
1952 символ
Leave a Reply