Мекеме басшысы Айпар Амангелдиева 2010 жылы облыс әкімінің «Үздік мұрағатшысы» номинациясының иегері атанса, содан бері де ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», Президенттің Алғыс хатымен, «Архив саласының үздік төсбелгісімен» марапатталды. Қызметкерлері де осал емес, Архив басшысының орынбасары Алтынкүл Сейтаева, бас қор сақтаушы Қарашаш Елекеева, бас есепші Камила Байтөлешова, бөлім басшылары Мира Мырзабаева, Баян Шыңғысбекова, Гүлжайна Тұрысбек, Анаркүл Есенова, архивистер Гауһар Шахантаева, Айнұр Әбдірәсілова, Халима Көмекбаева осында көп жылдан бері жемісті қызмет етіп, абыройға бөленіп жүр. Жалпы архив мекемесі туралы айтар болсақ, Шымкент қаласы әкімінің 1992 жылғы 26 қазандағы №86 шешімімен «Шымкент қаласының мемлекеттік архиві» жеке құрам бойынша құжаттарды сақтайтын мекеме ретінде қызметін бастады. Сол кездері біршама мекемелер меншік түрын ауыстырған кезде құжаттардың жоғалып кетпей, мемлекеттік сақтауға қабылдау жұмыстарына мейілінше архив қызметі ат салысты, бүгінде құнды құжаттар сақтаулы тұр. Мемлекеттік архивтің негізгі қызметіне келер болсақ – Ұлттық архив қорын жинақтау, тұрақты және жеке құрам бойынша жеке текті құжатарды мемлекеттік есепке алу, сақталуын қамтамасыз ету, пайдалану. Кезінде 4 адаммен қызметін бастаған мекеме бүгінде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ ретінде 48 қызметкермен, яғни 4 бөлім жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде «Е-архив» жүйесі орнатылып, электронды форматта қызмет атқарады. Мемлекеттік сақтаудағы архивтік құжаттар негізінде алыс, жақын шетелдерден, Қазақстан аумағынан заңды және жеке тұлғалардан электронды түрде, «Е-архив», Е-Өтініш» ақпараттық жүйелері, пошта, халыққа қызмет көрсету орталығынан келген жылына 8000-ға жуық сұраным орындалды. Мемлекеттік есепте тұрған 458 мекеменің құжаттарын бақылау жұмыстарын жүргізіліп, бүгінгі таңда ұлттық архив қоры құжаттарын толықтыру бойынша 6200 ге жуық құжат қабылданды, 600 мың парақ ісі цифрлық таңбаға көшірілуде. Жылдар бойы тәжірбие жинаған мамандармен толыққан мекеме жұмысы қарқынды дамып, Шымкент қаласының құнды қорына айналатынына нық сенімдіміз.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply