ШЫМКЕНТ: СПОРТ САЙЫПҚЫРАНДАРЫ УНИВЕРСИАДАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Шымкенттік спортшылар универсиада тұғырының биігіне көтерілді. Елжана Таниева көркем гимнастика мен доптан, Никита Шахторин нысана көздеуден Ұлттық құрамада (командалық), Никита Чирюкин тапанша атудан, Диана Тұрсынбек садақ атудан 2 -орын иемденді.  Сондай-ақ Елжана Таниева көркем гимнастикадан,Никита Шахторин нысана көздеуден Ұлттық құрама командадан 3-орынды иеленді. Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Еншімізде 1 алтын, 5 күміс, 5 қола бар. Еліміздің, қаламыздың абыройын асқақтатқан сайыпқырандарымызды құттықтаймыз! Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.

– Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.

Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қау­лысымен бекітілгені мәлім. Осы жос­парға сәйкес, мемлекет-жекеменшік әріп­тестігі аясында балалар мен жасөс­пірімдерге арналған спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді.

 

Қызмет ақпарат

1616 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика