Шымкенттік спортшылар универсиада тұғырының биігіне көтерілді. Елжана Таниева көркем гимнастика мен доптан, Никита Шахторин нысана көздеуден Ұлттық құрамада (командалық), Никита Чирюкин тапанша атудан, Диана Тұрсынбек садақ атудан 2 -орын иемденді. Сондай-ақ Елжана Таниева көркем гимнастикадан,Никита Шахторин нысана көздеуден Ұлттық құрама командадан 3-орынды иеленді. Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Еншімізде 1 алтын, 5 күміс, 5 қола бар. Еліміздің, қаламыздың абыройын асқақтатқан сайыпқырандарымызды құттықтаймыз! Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.
– Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.
Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қаулысымен бекітілгені мәлім. Осы жоспарға сәйкес, мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді.
Қызмет ақпарат
1616 символ
Leave a Reply