Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде Қазақстанда денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып, ерекше жетістіктерге қол жеткізді. Бұл айтылғандардың жалаң сөз емес екендігін дәлелдеу үшін нақты деректерге кезек беріп көрейік. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен 1312 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 8 медициналық ғылыми орталық, 32 мамандандырылған медициналық орталық, 176 аурухана, 144 емхана, 907 амбулатория және қан орталығы сияқты 45 мамандандырылған денсаулық сақтау орталықтары бар. Елімізде Президентіміздің тікелей бастамасымен өмірге келген медициналық кластер қатарында Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығын, Республикалық балаларды оңалту орталығын, Республикалық диагностикалық орталықты, Ұлттық нейрохирургия орталығын, Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығын, Ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталығын ерекше атап өткен жөн. Бұл орталықтар бүгінгі медицинаның ең озық үлгідегі технологиялық құралдарымен жабдықталып, әлемдік дәрежедегі жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Қазір бұл заманауи медициналық орталықтарда шетелдерден келген белгілі медицина мамандарымен бірге денсаулық сақтау саласының әлемдік жетістіктерін меңгерген қазақстандық білікті мамандар еңбек етеді. Қазір Ынтымақ-2 шағынауданында 350 келушіге арналған емхана салынуда. Қала басшылығы емдеу мекемесінің құрыласын қадағалады. Жоба бойынша мұнда 7 блок, орталық және отбасылық денсаулық копрустары қарастырылған. Сондай-ақ екі стационарлық бөлімшемен қоса консультациялық-диагностикалық бөлімше бар. Заманауи талапқа сай бой көтеретін емханада компьютерлік томография, цифрлы маммограф, УДЗ апапраты орнатылады. Онымен қоса жаңа емдеу орталығы ЛОР комабайн, электрокардиограф, электроэнцефалограф сияқты озық технологияларға негізделген қондырғылармен жабдықталады. Жоба бойынша нысанның 5500 шаршы метр алаңы абаттандырылып, 100 шаршы метрлік 100 автокөлікке арналған автотұрақ салынады. Емхана жоспарға сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Шымкент қаласының әкімдігі жауаптыларға құрылыс қарқынын күшейтіп, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. Сондай-ақ қаладағы емханалардың жүктемесін талапқа сай азайтып, халыққа медициналық көмек түрлерін қолжетімді ету бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply