ШЫМКЕНТТЕ 350 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЕМХАНА САЛЫНУДА

Тәуелсіз­дігіміздің 30 жылы ішін­де Қазақ­станда денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып, ерекше жетіс­тіктерге қол жеткізді. Бұл айтыл­ған­дардың жалаң сөз емес екен­дігін дәлелдеу үшін нақты дерек­терге кезек беріп көрейік. Тәуел­сіздік жылдарында Қазақстан­да мемлекеттік бюджет есебінен 1312 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 8 медици­налық ғы­лыми орталық, 32 маман­дан­ды­рыл­ған медициналық орта­лық, 176 аурухана, 144 емхана, 907 амбулатория және қан орталығы сияқты 45 мамандандырылған ден­сау­лық сақтау орталықтары бар. Елімізде Президентіміздің тікелей бастамасымен өмірге келген ме­ди­­­ци­налық кластер қатарында Ұлт­­тық ана мен бала ғылыми орта­лы­ғын, Республикалық балалар­ды оңалту орталығын, Рес­пуб­ликалық диагностикалық орта­лық­ты, Ұлт­тық нейрохирур­гия орталығын, Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығын, Ұлттық кардио­хирургиялық ғы­лыми орталы­ғын ерекше атап өткен жөн. Бұл орта­лықтар бүгінгі меди­цина­­ның ең озық үлгідегі тех­ноло­гия­лық құралдарымен жаб­дық­талып, әлемдік дәрежедегі жо­ғары сапалы медициналық қыз­мет көрсетеді. Қазір бұл заманауи меди­циналық орталық­тарда шет­елдерден келген белгілі ме­ди­ци­на мамандарымен бірге ден­сау­лық сақтау саласының әлем­дік жетіс­тіктерін меңгерген қазақ­стан­­дық білікті мамандар еңбек етеді. Қазір Ынтымақ-2 шағынауданында 350 келушіге арналған емхана салынуда. Қала басшылығы  емдеу мекемесінің құрыласын қадағалады. Жоба бойынша мұнда 7 блок, орталық және отбасылық денсаулық копрустары қарастырылған. Сондай-ақ екі стационарлық бөлімшемен қоса консультациялық-диагностикалық бөлімше бар. Заманауи талапқа сай бой көтеретін емханада компьютерлік томография, цифрлы маммограф, УДЗ апапраты орнатылады. Онымен қоса жаңа емдеу орталығы  ЛОР комабайн, электрокардиограф, электроэнцефалограф сияқты озық технологияларға негізделген қондырғылармен жабдықталады.  Жоба бойынша нысанның  5500 шаршы метр алаңы абаттандырылып, 100 шаршы метрлік 100 автокөлікке арналған автотұрақ салынады. Емхана жоспарға сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.  Шымкент қаласының әкімдігі жауаптыларға  құрылыс қарқынын күшейтіп, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. Сондай-ақ қаладағы емханалардың жүктемесін талапқа сай азайтып, халыққа медициналық көмек түрлерін қолжетімді ету бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика