ТҮРКІСТАННАН ТЕРІСКЕЙГЕ: КӨШІ-ҚОНҒА ОҢ ЫҚПАЛ ЕТЕ АЛАТЫН КЕЗ-КЕЛГЕН ТІРЛІК ҚОЛДАУ ТАБУ КЕРЕК

ӘСІРЕСЕ, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР КӨБІРЕК АТ САЛЫССА

Иә! Қазақ даласының солтүстіктегі өңірлерін қазақыландыруды көздейтін, сол мақсатты көші-қонға оң ықпал ете алатын кез-келген бастама-тірлік қолдау табу керек. Оның ішінде,әсіресе, қоғамдық ұйымдар көбірек ат салысқаны жөн. Биылғы мамыр айындаТүркістан облысының әкімдігі мен Солтүстік Қазақстан облысына түркістандық ағайынның көшуін насихаттап, қолдап-қуаттап жүрген «TAUEKEL» қоғамдық бірлестігі арасында келісімге қол жеткізіп, БАҚ назарында біраз уақыт талқыланып еді-ау. Бурахан Даханов дейтін азамат бастаған сол жобаның жемісі молынан болды. Жұмыла ұйымдасқан сондай тірліктер басқа облыстарда да болса ғой, шіркін.

Қазақ қоғамы басынан небір тарихи кезеңдерді бастан кешірсе де посткеңестік жылдары «отарсыздану процесін» бастан өткермеді. Әлбетте, бұл үлкен мәні бар тарихи құбылыс болу керек еді. Мүмкін, ондай үдерісті іске асыру үшін ұлттық демографиялық үлестің ара салмағы әсер еткен де болар. Әлдереспублика ішіндегі солтүстік беткейдегі қазақ халқының этникалық басымдыққа ие болуының эволюциялық жолын таңдалды ма екен? Дегенмен, бізге Украинаның бастан кешіп отырған хәлі сабақ болуы керек. Деколонизациялық, әм миграциялық саясаттың әлсіздігі салдарынан теріскейдегі қазақтың үлес салмағы селдіреп тұр. Мысалы, wikipedia.org-тің дерегінше Солтүстік Қазақстан облысында қазақ ұлтының үлесі 2019 жылғы деректе 35 пайызды ғана құраса, Қостанай облысында 41%, Павлодар 52%, Ақмола 52% құраған. Мұның өзі орысша деректерде. Осының өзінен орыс тілді аудитория біздің елдегі демографияның-этникалық құрам бөлігіне ерекше назар салып отыратынын көруге болар. Қашан да «бос жатқан жер жау шақырады» деген сөзді ұмытпаған жөн.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика