Балалар күнінде бастау алған пайдалы жоба «ITeachMe» компетенцияларды дамыту орталығы», Орталық Азияның Еуразия қоры мен «Шеврон» компаниясының демеушілігімен «Qolda» жедел жәрдем бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – алдымен, әрине, мүгедектігі бар жастар, одан бөлек, Қазақстанның әр өңірінен халықтың әлсіз топтарынан ( оның ішінде:аз қамтылған отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар, көпбалалы отбасылар) жастарды оқумен және жұмыспен қамту. Бүгінгі таңда Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедек адам тұрады, оның ішінде 420 мың адам — еңбекке қабілетті жастар (58%).
Акцияның мақсаты тек балаларды емес, тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдауға бағытталады.Заманауи IT-мамандықтарын мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғамның әлсіз топтарына қолжетімді етіп, олар үшін жаңа мүмкіндіктер мен келешекке сенімділік сыйлайды.Жобаға Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі М.Кикимов қолдау көрсетті.
Мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен бірге ата-анасы да қиын кезеңді бастан өткереді, қандай сынақтар болмасын балалар ертегіге, түрлі ғажайыпқа және жақсы адамдардың бар екеніне сенетіні сөзсіз.Бұл жоба сиқырға толы десек те болады,себебі,ерекше балаларға қоғамда өз орнын табуға,алдыға жылжуға жаңа мүмкіндіктер береді.«ITeachMe Қоғамдық Қор Компетенцияларды дамыту орталығы» жас, бірақ қарқынды дамыған ұйым.«ITechME» жобаға қатысушыларды оқыту үшін заманауи онлайн платформаларды қолданады.
«ITeachMe» құзыретті дамыту орталығы Қоғамдық қоры ресми түрде 2020 жылдың 13 наурызында тіркелген болатын.Жоба азаматтық қоғам бастамаларымен қатар үш сектордың жемісі: БЕҰ, мемлекеттік орган мен бизнес-салалары.
Компетенцияларды дамыту орталығы «IteachMe» қоғамдық қорының директоры Бегалиева Захира Оңғарбайқызының айтуынша, онлайн формада қосымша білім беру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір бойын өзін дамуына мүмкіндік береді.
Жастардың қоғамда өз орнын табуы, нарықта сұранысқа ие болуы үшін цифрландырудың маңызы зор екені ешкімді таң қалдырмас. Бұл жерде білім алуға, білімін жетілдіруге кез келген адамға физикалық мүмкіндіктеріне және жасына қарамастан, мүмкіндік бар. «IteachMe» қоры «Шеврон» компаниясымен бірге оқу бағдарламасын жүзеге асырып отыр. Бағдарламаның басты ерекшелігі – қатысушылар өздерінің digital дағдыларын жетілдіріп, монетизациялай алады, — деді Захира Оңғарбайқызы.
«Тең қоғам. Тең IT. Тең өнер». Алматыда осындай ұранды желеу еткен IteachMe қоғамдық қорының ұйымдастыруымен алғаш рет ITM Fest -2023 қайырымдылық фестивалі өтті.
2023 жылы ұйымдастырылған инклюзивті орта қалыптастыруға арналған іс-шараның басты мақсаты – әр келушіге өз талантын, потенциалын ашуға жәрдемдесу. Қатысушыларға әртүрлі шеберлік сағатын өткізу арқылы қабілетін шыңдауға мүмкіндік беру. Іс-шара ерекше жандар мен балаларға және ниет білдірген кез келген адамға арналған.
– Бүгінгі фестивальді ITM деп атап жатырмыз. Оның сөзінің өзінде IT деген сөз бар. Қазіргі таңда жастарға өзіне мамандық таңдау өте қиын. Сондықтан осы фестивальда өнер мен айтиді қосып, оларға қандай мүмкіндік барын айтып, даму жолын түсіндіреміз, – деді Iteachme қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева
ҚҚ басшысының айтуынша, төрт жыл ішінде қорда 500-ден астам студент білім алған, олардың 80%-ы мүгедектігі бар жандар. Бүгінгі таңда студенттердің 7 бағыт бойынша білім алу мүмкіндігі бар: веб-мастер, UI/UX және motion дизайн, копирайтинг, мобилография, СММ+капирайтинг, БҚ тестілеу және графикалық дизайн. Барлық оқу материалы қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ есту қабілеті бұзылған студенттер үшін ым-ишара тілінде қолжетімді.
«ITeachMe» ҚҚ жобалары
“Leader Z” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кәсіби онлайн мектебінің мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі белсенді жастарға кәсіби жолын табуға және келесі бағыттарды үйренуге көмектесу.
Жаңа жоба сұранысқа ие мамандықтарды қамтыған
«COMPASS» кәсіптік бағдар беру орталығынаң мақсаты:
Жастарға бағдарламашыдан бастап құрылыс инженеріне дейін әртүрлі кәсіби рөлдерде өзін сынауға мүмкіндік беру.
Ковид-19 пандемиясы кезіндегі «Qolda» төтенше көмек жобасының мақсаты:
Төтенше жағдай кезінде адамдарға психологиялық және гуманитарлық көмек көрсету.
«Басқаша ойла» мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді дамытуға арналған шығармашылық идеялар орталығының мақсаты:
Әлеуметтік оңалту, мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге кәсіптік бағдар беру
Институционалдық даму бағдарламасының бағдарламасы:
ИДБ– ұйымдық әлеуетті нығайту, ұйым қызметкерлерінің білім базасын кеңейту бойынша мақсатты бірлескен іс-шаралар арқылы мақсатты топтардың қажеттіліктеріне тиімді жауап беруге қабілетті және қаржылық тұрғыдан өміршең болуына көмектесу үшін қалыптасқан және дамып келе жатқан азаматтық қоғам ұйымдарын нығайтуға арналған 14 айлық бағдарлама. коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ/ҮЕҰ) және олардың негізгі топтармен және басқа да мүдделі тараптармен қарым-қатынасын тереңдету.
Жол картасының мақсаты:
Маханбай Салиха
Leave a Reply