Дархан ЖАЗЫҚБАЙ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызды қадам – мемлекеттік аппараттың жұмысын оңтайлы әрі тиімді ұйымдастыру.Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бұл бағытта бірқатар кешенді жұмыстар атқарылуда.
Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту жаңа кезеңдегі басым бағыт ретіндебелгіленген. Мұны іске асыру халыққа әділ, адал, ашық қызмет көрсететін, адамға бағдарланған сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыруды көздейді.
Осыған орай, әлемдік тәжірибедегі жетістіктермен мемлекеттік қызметтің мансаптық және позициялық модельдерінің ұтымды элементтері ескеріліп, елімізде мемлекеттік аппараттың жұмысын тиімді ұйымдастыру жаңаша сипатта өріс алуда. Нақтырақ айтсақ, мансаптық модельге сәйкес, іріктеудің ашық жүйесін қамтамасыз ете отырып, жас мемлекеттік қызметшіге төменгі лауазымдардан бастау арқылы меритократия қағидаты бойынша өсу мүмкіндігі, ал позициялық модельге сай жеке сектордан кәсіби мамандарды тарту тетіктері енгізіліп отыр.
Кадрларды іріктеудің ашық, әділ жүйесін қалыптастыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудағы басты қадам. Осы орайда агенттікпен мемлекеттік қызметтің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту жүргізілуде.Мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленіп, конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралды. Конкурстың жетілдірілген тәртібі үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдерде әлемнің кез келген нүктесінен және кез келген уақытта конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.«Адами фактордың» ықпалын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткерлертуралы ақпарат толығымен жасырылып, оларға ID-нөмір беру көзделген. Бұған қоса прокторинг жүйесі үміткерлердің тестілеу кезіндегі жасаған іс-әрекеттерін қадағалайды.Конкурс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған үміткер жеңімпаз ретінде жүйемен анықталады. Мұның мемлекеттік қызметке тамыр-таныс арқылы орналасу туралы стереотипке тосқауыл қояры анық.
Әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тосқауыл ретіндеротациялау институты кеңінен қолданылады. Қызметшілерді ротациялау олардың кәсіби әлеуеті мен басқару тәжірибесін тиімді пайдалануды жүзеге асырып, сыбайлас жемқорлықтың орын алу тәуекелдеріназайтады.
Бұған дейін тиісті қызметтік баспаналармен қамтамасыз етуге мүмкіндіктің шектеулігіротациялауды тежейтін өзекті мәселелердің біріболған еді. Агенттік бастамасымен заңнамағаенгізілген өзгерістерге сәйкес, енді басқа елдімекенге ротацияланған қызметшілерге тұрғын үйді жалдау үшін ротациялық төлемдер төленеді. Бұл шара мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал бір орнында ұзақ отыру факторын болдырмау сыбайлас жемқорлықтың орын алу тәуекелін азайтады.
Мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты құралы ретінде мемлекеттік қызметшілер үшін этикалық стандарттарды белгілейтін Әдеп кодексі қолданылады.
2022 жылы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа редакцияда қабылданды. Онда ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адал ниеттілік, және адамға бағдарлану – мемлекеттік қызметтің негізгі әдептік қағидаттары ретінде белгіленді. Осылайша, қызметшілер жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсетіп, өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуі, халықтың сұранысына сай қызмет көрсетуі және азаматтардың өтініштерін қарау кезінде әуре-сарсаңға жол бермеуі тиіс.
Еліміздің барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтікәдеп нормаларын бұзушылықтардың, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеуді көздейтін Әдеп кеңестері жұмыс атқарады. Олардың басты міндеттерініңқатарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бұзу профилактикасы бойынша жұмыс қорытындыларын қарау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу арқылы сыбайлас жемқорлықты ескерту мен оның алдын алукіреді. Бұл бағытта, Әдеп жөніндегі уәкілдер тарапынан жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жыл басынан 17 мыңнан астам азамат пен қызметшіге консультативтік көмек көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралықолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларынақоластындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жауаптылық қарастырылған.
Ағымдағы жылы осы мәселені күшейту мақсатында заңнамаға толықтырулар енгізілді. Енді қоластындағы қызметшісі бірнеше рет немесе ірі және аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса, саяси мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілігі міндетті түрде қаралатын болады.
Сонымен қатар, саяси мемлекеттік қызметші бұрынғы жұмыс орны бойынша қызметі кезеңінде өзіне тікелей бағынысты қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін отставкаға кету жауапкершілігінен босатылмайды.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тиімді тетіктерінің бірі. БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан
28-орынға көтерілді. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электронды түрде көрсетілуде. Бұл адам факторының орын алмауына үлкен септігін тигізуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасынабақылауды жетілдіру аясында проактивті мониторинг жасау арқылы құқық бұзушылық орын алған жағдайда заңдылықты орнату тәжірибесі басталды. Жүргізілген мониторинг өңірлерде алты жүзге тарта негізсіз бас тарту және толық жауап жолдамау фактілерін анықтап, қызмет алушылардың құқығы қорғалды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласын одан әрі жетілдіру аясында Агенттікпен «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға енгізілетін түзетулер әзірленуде. Соған сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бас тартусыз рәсімдерге» көшу, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын дереу қалпына келтіру жүйесін қалыптастыру қарастырылуда.
Сондай-ақ мерзімдерді есептеу, халықаралық-құқықтық қатынастар институттарын енгізу, клиентке бағдарлану, проактивтік, композиттік, эксаумақтық, көрсетілетін қызметті берушіге сенім және оның дербес жауапкершілігі қағидаттарын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді реттеп отырған нормативті құқықтық базаларды талдау нәтижесі бойынша Агенттікпен тиісті мемлекеттік органдарға анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты 470 ұсыныс енгізілді.
Агенттік мемлекеттік қызмет көрсетуде ешқандай құпия болмауы тиіс және ол толықтай ашық болуы керек деген айқын ұстанымда.
Мемлекеттік аппарат қызметіндебюрократияның орын алуы оның тиімділігін төмендетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін екендігін ешкім жоққа шығармайды.
Президенттің мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес Агенттікпен жүргізілген мониторинг және талдау нәтижелері бойынша бюрократиялық кедергілерді жоюға қатысты 373 ұсыныс әзірленді.
Бұл ұсыныстар сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға және артық бюрократиялық кедергілерді жоюға қатыстыболып отыр. Мұның барлығы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жұртшылық үшін ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп, заңға қайшы түрлі әрекеттердің орын алмауына септігін тигізеді деп күтілуде.
Жемқорлыққа жаппай төзімсіздікті қалыптастыру және оның қоғамдағы әділдік принциптеріне қайшы әрекет екендігін әр адамның саналы түрде сезінуі, түсінуі маңызды.
Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана-сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой-беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс. «Адал азамат» дегеніміз – осы» деп атап өтті.
Жеке бастың қамынан көрі елдік мүддені биік қою адамды абырой биігіне көтерері анық. Қоғамдық санада адамшылық қасиеттер мен ар-ұждан жоғарғы идеалдарға айналғанда ғана әр адам өз басының пайдасын емес, елдің қамын ойлайтын азаматтық сана деңгейінекөтеріледі. Ол үшін рухани-адамшылық құндылықтарды адамның бойына сіңіру ментұрақтандыруды ерте жастан бастау қажет. Мұны тәрбие, білім беру үрдісімен бірге жүргізу керек. Адалдықты адамшылықтың өлшемі ретінде бойына сіңірген адамдардың мемлекет пен қоғамға тигізер пайдасы қашанда зор. «Адал азамат» болу әр адамның өзі өмір сүріп отырған мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуінен басталады.
Бүгінде Агенттік алдында мемлекеттік қызметшілердің «Адал азамат» идеалдарына сай келетін кәсіби және тұлғалық қасиеттерін үнемі ілгерілету міндеті тұр. Бұл нені білдіреді? Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көріністеріне, мемлекеттік қызметке кір келтіретін бюрократияға, көзбояушылық формализмге, жұмыстың имитациялық сипатына және қызметтің жасанды декларативті элементтеріне жол бермей, жұмыс тәсілін өзгертіп, жаңаша серпінге қадам жасауы керек. Ең бастысы қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя алатын тұлғалық қасиетке ие болуы тиіс. Осы талаптарды енгізу тетіктерін қалыптастыру Агенттік жұмысының басым бағыттарының бірі.
Жемқорлық деңгейі төмен елдердің тәжірибесі бұл дерттің алдын алудағы ең басты және стратегиялық тұрғыда ең пәрменді шара – қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екенін көрсетіп отыр. Жемқорлық– бұл тұтас қоғам болып күресетін дерт. Бұл жалпы азаматтарымыздың, әсіресе мемлекеттік қызметшілердің саналы өзгеруі бағытында жүргізілетін кешенді идеологиялық жұмысты қамтиды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысты бүгінде Агенттікпен жасалып жатқан жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың орын алуына мүмкіндік тудыратын түрлі кедергілерді жоюмен, оның себептерінің алдын алумен байланысты болып отыр. Жемқорлыққа жол бермеу басты назарда. Бұл жұмыс тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Leave a Reply