АЭС-тің пайдасы барма? Қазақстанның энергетика саласындағы пайымы …

Энергия – бұл болашақтың алып күші. Қазақстанның бұл салада атқарған және атқаратын қызметі өте көп. Халқының саны жиырма миллионға жақындаған Орталық Азияның көшбасшы мемлекеті ретінде, өңірлердің тұрақты дамуы — осы саламен тығыс байланысты. Егемендігімізді алып, шекарамызды шегелеп, етек-жеңімізді жинаған сәтте – Қазақстан энергия саласында айтарлықтай қиындықтарға тап болды. Тәуелсіздігін енді алған жас мемлекет үшін барлығы жаңадан басталды. Энергия көздерін табу, халықты жарықтандыру — бірінші әрі, кезек күттірмейтін мәселе болды. Республикамыз баламалы энергия көздерін тауып, өңірлерді сапалы энергиямен қамтамасыз ету үшін көршілес елдердің, осы саладағы жұмыстарына көз жүгіртті. Нәтижиесінде Отанымыз өз энергия көзін тағандап, халықтың сұранысын қанағаттандырды. Әрине бұл уақытша ғана еді. Өзгеден сатып алды, өзі де өндірді. Бірақ мемлекетіміздің халық санының артуына байланысты, біз өндірген энергия — 2035 жылға қарай сарқылмақ дейді ғалымдар. Қайтпек керек? ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізген Қазақстан үшін бұл мәселе бас ауыртатын тыйпылға айналды. Әлемнің 9 шы орнын иемденетін, уран өндірісі бойынша 2 ші орынды алатын, табиғи байлығы жеті атасына дейін жетететін, алып еліміз – энергияның тапшылығына ұшырауы мүмкін. Бұл әрине халқымыз үшін де атқарушы үкіметке де ойланатын дүние болмақ. Сондықтан да Қазақстандық ғалымдар дабыл қағуларын тоқтатып жатқан жоқ. Осы орайда мемлекет басшысы өзінің 2019 жылғы сайлау алды бағдарламасында АЭС салу бойынша жалпы халықтық референдум арқылы шешілетінін мәлімдеген еді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде:

– Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын компоненттерін де өзіміз өндіреміз. Сол себепті мен еліміздің аумағында АЭС салу жайына айрықша мән беремін. Түптеп келгенде, энергетика қауіпсіздігі мәселесін геосаяси мүдде емес, нақты қажеттілік пен мүмкіндіктер тұрғысынан қарастырып, ғылыми зерттеулер негізінде шешкен жөн. Ел ішінде АЭС құрылысына үзілді-кесілді қарсылық білдіріп жатқандар да бар. Бұл – түсінікті жайт. Көпшілік Семей ядролық полигонының қасіретін ұмыта қойған жоқ. Мұқият назар аударуды қажет ететін басқа да күрделі жайттар бар. Мысалы, жобаның құны мен экологияға әсерін қаперден шығаруға болмайды. Сондықтан бұл бастаманың мән-маңызын ескере отырып, АЭС құрылысына қатысты мәселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсындым. Халқымыз үшін аса маңызды осындай шешімдердің референдум арқылы ғана қабылданатыны 2019 жылғы сайлау алдындағы бағдарламамда нақты көрсетілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Әділетті Қазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуы дегеніміз – осы. Болашақта әлі талай қоғамдық талқылау өткізіледі. Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дәйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба – мұны халық шешеді деп айтқан болатын.

Ия, Қазақстанның Халқы ғана АЭС-ды салып салмауын, рефрендум арқылы шешетін болады. Осы орайда 1 жыл бойы қоғам назарын аударған АЭС жобасы, халықтың дәл қазір ашық талқысында. Бірі салыну керек десе, ал екінші бірі салынбауы тиіс деп жан ұшырып жүр. «Jsk.kz» ақпараттық агенттігі осы тақырып аясында Шымкент қаласының салаға қатысты бірнеше мамандарының пікірін білген болатын. Әмірбек Барыс Шоятұлы: (мамандығы энергетик)

— Мен өзім энергетик ретінде АЭС салынуын қолдаймын. Бірақ адамдар тұратын аумақтан сәл аулақ болуы керек. Сосын мамандарымыздың біліктілігіне қарауымыз қажет. Үйткені Чернобыльде болған апатты біздің еліміз әлі ұмыта қойған жоқ, сол үшін де үкіметке сенімісіздік білдіріп отыр. Міне осы мәселені қолға алу керек деп ойлаймын.

Қазіргі кезде елімізде цифрландыру жүйесінің іске қосылғандығы, осы мәселеде электр энергиясы аса маңызды стратегиялық ресурсқа айналатынын есепке алуымыз тиіс. Ал атомдық станция жел мен күн станцияларына қарағанда тиімді екендігін Қазақстандық ғалымдар айтып жүр. Оның үстіне электр энергиясына деген сұраныс күннен-күнге артып отқаны үкіметті ойландырып отырғанын есепке алу керек.. Сол себепті атом электр станциясын салу ойландырып қоятын дүние екенідігі белгілі. Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның халықаралық мәртебесін айтарлықтай арттырып, әлемдік аренадағы орнын нығайта алады ма? Міне сұрақ. Яғни, атом электр станциялары импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады ма? Экономистеріміз не дейді? Айтқұлова Анеля Әбдікәрімқызы (мамандығы экономист, қаржыгер)

-АЭС салу идеясы экономикалық тұрғыда қолайлы. Дегенмен де оның сапасы қандай болмақ? Милиардттаған қаржы құйылатын бұл жобаны кім жүзеге асырады? Ресей мен Франция әлде Қытай ма? деген сұраққа келеміз. Өз басым елге атом электр станциясы қажет деп ойлаймын. Баламалы энергия станциясы АЭС сияқты 30-40 жыл жұмыс істемейді. Атом электр станциясы тәулігіне 24 сағат істейді. Оның кемі екі энергоблогы болса, біріншісінде кішігірім жөндеу жұмыстары жүріп жатса, екінші үнемі жұмыс істеп тұрады. Қазір мұны халыққа түсіндіру қажет. АЭС салынатын болған күннің өзінде, ол ертең соғылып бітпейді. Оның құрылысына кемі 10-15 жыл қажет. Ал осынша уақытта біздің жағдайымыз не болады, экономикамыз қалай дамиды деген күрделі сұрақ бар.

Не болсада Қазақстан энергия тапшылығының алдында тұр. Әрине оны мемлекетіміз де жасырып отырған жоқ. Дер кезінде осы мәселені референдум арқылы шешу жұмыстары жалғасып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде халықтық штабтар жұмыс жасауда. Айта өтейік биыл осы мәселе бойынша 6 қазан күні Рефрендум өтеді. Өз ойыңызды ашық және анонимдік жол арқылы беруіңізге болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика