«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ»: БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ ҚОСА БЕРІЛЕДІ

*Біртұтас  тәрбие

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың Ұлттық Құрылтайда берген  тапсырмасына орай Оқу-ағарту министрлігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» әзірлегені белгілі. Осы бағдарламаға орай 2024 жылғы  жаңа оқу жылынан бастап ұлттық, адами құндылықтарға негізделген бірыңғай тәрбие жоспары бекітілді. Бүгінде елеміздегі барлық білім шаңырақтарында тәрбие жұмыстары аталған бағдарламаның негізгі үш бағыты — «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» құндылықтары бойынша жүзеге асырылып жатыр. 

Жуырда ғана Шымкентте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие жүйесіндегі педагогтың рөлі» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өтті.

Семинарды Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева ашып, жүргізіп отырды. Қала мектептерінен жиналған ұстаздар және білім бөлімінің мамандары, пән мұғалімдері біртұтас тәрбие мен оның маңызы жайлы баяндамалар жасап, көпшілікпен талқысына салды.

Жалпы білім мекемелерінде балаға тұлғалық тәрбие беруде педагогтың рөлі өте зор екені айтпаса да түсінікті. «Баланы тек мектеп немесе мұғалім тәрбиелеу керек деген жаңсақ пікір» . Бұл семинарға қатысқан педагогтардың пікірі. Өз ойларын ортаға салған мұғалімдер мектепте жүргізілетін тәрбиеге байланысты іс-әрекеттерімен де бөлісті.

 

-Биылдан бастап «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, барлық мектептерде жүзеге асырылуда. Қазіргі қоғамда оқушылардың арасында көптеген вейб, лудомания қатарлы мәселелер туындап жатыр. Сондай жат қылықтардың алдын алу мақсатында бағдарлама ұлттық құндылықтарға бағытталған. Жалпы, былтырғы бағдарламада үш құндылық болса, биыл алты құндылыққа негізделгенін айта кету керек. Тек қана мектеп емес ата-ана, білім ошағы үштік болып, болашақ ұрпақты тәрбиелейміз, — дейді қалаға арнайы келген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Тәрбие жөніндегі жаңа бағдарламаны жан-жақты талқылауға мүмкіндік туғызған аймақтық семинарға қатысушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсартуға ықпал ететініне  сенімді. Алқалы басқосу педагогтер арасында білім мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды.

Қызмет-Ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика