6 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ӘЗІРЛЕГЕН

Бүкіл еліміздегідей Шымкент қаласының ұстаздары  үшін де биылғы оқу жылында біртұтас тәрбие бағдарламасын оқу процесіне енгізе отырып,  білім сапасын барынша жақсарту басты міндет болып отыр. Осы мақсатта педагогтардың біліктілігін арттырумен бірге қалада дарынды балаларға арналған мектептер желісі ұлғаяды.

Шымқалада әр оқу жылында 6 мыңнан астам оқушы ғылыми  шығармашылық жұмыспен айналысады. Сондай-ақ былтыр жүзден астам шәкірт халықаралық және республикалық пән олимпиадаларында  топ жарған. Ұстаздар біліктілігін арттыру нәтижесінде  білім сапасының көрсеткіші 56 пайызға көтерілді.

Биыл жаңартылған біртұтас тәрбие бағдарламасын оқу процесіне кіріктіріп жатырмыз. Осы бағытта үлкен жұмыс жүреді. Қалада 40 мектеп нысаналы болып белгіленіп, білім сапасын арттыру бойынша жұмыс жүруде, дейді қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева.

Жылдағы дәстүр бойынша мұғалімдердің кәсіби мерекесінде педагогикалық  шеберлігімен танылған, оқу әдістемесінде жаңашылдығымен көзге түсіп марапатталған бір топ ұстаздардың Раушан Бегімбетова да болды. Ол енді Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері. Отыз жылдан астам уақыт ұстаздық етіп келе жатқан жан тәрбие ісіне бауыржантану ізденісімен үлес қосқан. Мұғалім болу үшін ең бірінші баланы жақсы тани білу керек. Ол үшін баланы жан-дүниесімен жақсы көре білу керек. Жүрегі кең, мейірімді болуы керек. баланың жан дүниесіне үңіле алсақ нағыз ұстаз болғанымыз, дейді ол.

Мұғалімдерді ынталандыру және олардың мәртебесін көтеру бағытында жергілікті билік тарапынан да ұдайы қолдау көрсетіліп келеді.

Жыл сайын республикалық байқауда үздік педагог атанған 100 ұстазға  мың АЕК көлемінде сыйақы берілсе, жергілікті бюджеттен 10 адамға 1 миллион 35 мың теңге сыйақы берілген. Бұл деректерді қала әкімі ҒабитСыздықбеков келтірді.

Биыл Шымкентте тағы 11 жаңа мектептің құрылысы аяқталғалы тұр. Ал келер  жылы «Жайлы мектеп»ұлтық жобасы аясында 18 білім ұясы шәкірттерге есігін айқара ашпақ. Мектептегі ғылыми жоба дегеніміз не? Ғылыми жоба – белгілі бір салада бірегей өнім мен қызметті құруға ба­ғыт­талған ғылыми ізденіс жұмысы. Мектептегі ғылыми жоба – ғылыми жарыс, яғни жобадан әр салаға байланысты тың идеялар күтеді. Жалпы ғылыми жобалар оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынта­лан­дыру; сыни ойлауын дамыту және еліміздің интеллектуалды әлеуетiн қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйым­дас­ты­рылады. Таяуда оқушылар мен мұғалімдер арасындағы ғылыми – зерттеу белсенділіктерін дамыту және олардың шығармашылық бастамаларын қолдау бойынша тәжірибе мен идея алмасу; мектеп оқушыларына арналған ғылыми жобалардың өткізілу барысындағы мәселелерді талқылау мақсатында Қазақ ұлттық университетінде мұғалімдер мен магистранттар және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында білікті ма­ман­дар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми жоба жасау­ға нұсқаулық ұсынды. Дөңгелек үстел бары­сын­да­ғы талқылау «Ғылым неге ма­ңыз­ды?» деген сұраққа жауап іздеуден басталды. Қарапайым түрде алып қарағанда ғылым – дамуға мүмкіндіктер ашып, әлемге жаңаша көзқараспен қарауды үйретеді. Ғылымның дамуы – қоғамның дамуы, ал қо­ғамның дамуы – тұлғаның да­муынан бастау алады. Сон­дық­тан тұлға, қоғам және ғы­лым дамулары тығыз бай­ла­ныста екенін аңғаруға болады. Яғни байланысты ашып қа­рай­тын болсақ, тұлға коғамдағы қандай да бір мәселені зерттеу нысаны ретінде алып, оның мәселесін қарастырып, сол мәселеге болжам ретінде өзінің көзқарасы тұрғысынан шешімін ұсынады. Ол мәселені бақылап, ұсынған шешімі бо­йын­ша эксперименттер жүр­гізеді. Жүргізілген эксперимент нәтижесінде тиімді деп таныл­ған шешім қолданысқа енгі­зі­ліп, қоғамның, ғылымның да­муы­на үлесі қосылады. Ғылыми зерт­теу жұмысының ең ма­ңызды сәттерінің бірі – та­қы­рып таңдау. Жақсы тақырып тиянақты идеялардан құралуы тиіс. Тақырып таңдалу ба­ры­сын­да оның өзектілігіне және ол тақырыптың оқушының жеке қызығушылығы бойынша таң­да­луына мән берілуі керек. Се­бебі ғылыми жұмыс – оқу­шы­ның жеке шығармашылық жұ­­мысы болғандықтан «жасау керек немесе мұғалімнен баға алуым керек» деп емес, оқушы бар ынтасымен, қызығу­шы­лы­ғымен зерттеу жұмысын же­тек­шісінің көмегімен өз бе­тін­ше жүргізгені дұрыс. Ғылыми жо­балар жасаудағы, оны қор­ғау барысындағы ең үлкен қа­те­ліктердің бірі – осы тақырып таң­дау. Көп оқушылар жетек­ші­лерінің сілтеуімен таңдап бе­рілген түсініксіз тақы­рып­тарды алып, оны қы­зы­ғу­шы­лық­сыз орындап, қорғап шы­ға­ды. Одан келер оқушыға да, қо­ғамға да пайда жоқ. Бұл мәселенің шешімі қарапайым: ұстаз – бағыт-бағдар беруші, ал оқушы – ізденуші болуында. Екінші мәселе – зерттеу жұ­мысы кезіндегі тәжірибе жүр­гі­з­у мүмкіндігінің, құрал-жаб­дық­тар мен реагенттердің аз­дығы. Қазіргі кезде мек­теп­тер дамып, түрлі құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз еті­луде. Дегенмен, сол құ­рал-жабдықтар сыныптардағы сө­ре­лердің сәні болып шаң басып тұрудан басқа пайдасы жоқ. Бұл мәселенің шешімін табу үшін ізденуші де, бағыт-бағдар беруші де «Барлық мүм­кін­дік­терді қолдандым ба?» деген сұрақты өзіне қоя білуі қажет: Ең бірінші ғылыми жұмысқа қа­жетті құрал-жабдықтар тізімі жа­салып, қолда барын қарап, іздестіріп, тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін пайдалану ке­рек. Яғни, мектептер бір-бі­рі­мен тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс істеп, бір-бірі барымен бөлісіп отырса; қол­дау көрсетіп, бірлескен жо­ба­лар жасалса қоғамда қалып­тас­қан ғылыми жоба ұғымына басқаша түсінік қалыптасар еді.
Қорытындылай келе, оқу­шы­лардың ғылыми-зерттеу жұ­мыстары білім берудің не­гізгі бөлігі және білім сапасын арт­тырудың тиімді тәсілі болып саналады және оны универ­си­теттегі ғылыми жобалармен байланыста болған дұрыс. Зерттеу жұмысын жасау ба­ры­сын­да жобаның тақырыбын оқу­шы өз қызығушылығымен таң­дап, оған алдын ала бол­жам жасай алса және тәжірибе жасап, оның нәтижелерін өң­деп, анализдеп; жоба бары­сын­да жасалған жұмыстарға ба­ға бере алса, оқушының қы­зы­ғушылығынан туындаған қа­ра­пайым жоба – болашағы зор жаңа бір жобаның бастамасы болуы әбден мүмкін!

 

Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика