Жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық игіліктер негізінде жаһандық бәсекеге қабілетті, білімді, зерделі тұлға қалыптастыру – Шымкент қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның білім көкжиегінде нысан етіп алған миссиясы.
1991 жылы негізі қаланған білім ордасы «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кәдірбаева Қатира Қырғызбайқызының салған жолымен, қалдырған ізімен заман талабына ілесе отырып, болашақтың құзыретті тұлғасын қалыптастыруда жаңашылдықпен еңбек етіп келеді.
Бүгінде мектеп шәкірттері білім-ғылым байқауларында өз жаңалықтарымен таңдандырып келеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсында мектептің 150-ден аса оқушысы түрлі секциялар бойынша зерттеу жұмыстарын қала және республика көлемінде таныстырып, жүлделі орындарды иеленді.
«Зерде» зерттеу конкурсында білім ұясының 68 жас ғалымы қалалық деңгейде жүлдеге қол жеткізсе, медицина, эконимка, қолданбалы математика, технология және өнер бағытында республикалық деңгейдегі жүлделердің иегері атанды.
2023-2024 оқу жылында ғылыми зерттеу жобасы бойынша республикалық деңгейінде 11-сынып оқушысы Мұсырманқұл Назым алтын медаль иегері, Абдурахимова Айгерім, Үшкемпір Асылхан, Шаншархан Балауса қола медаль иегері, Тұрсынбекова Ұлдана мадақтама, Төлеген Динара қалалық кезеңде І дәрежелі диплом, Əбдіəшім Сымбат кезеңде І дәрежелі диплом, Оразалы Наиля кезеңде І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2-7 СЫНЫПТАР АРАСЫНДАҒЫ «ЗЕРДЕ» ЗЕРТТЕУ КОНКУРСЫНДА
Ержарқын Хансұлтан І орын
Төрехан Айзере І орын
Имаммазам Арайлым І орын
Жасұзақ Нұраят Бақытжанұлы ІІ орын
Ақылбек Амина ІІ орын
Анарбек Ернар ІІ орын
Әшірәлі Нұрай ІІ орын
Байқара Жансая ІІ орын
Уалиханұлы Асылжан ІІ орын
Тілеуберді Мейіржан ІІ орын
Оразбек Адина ІІ орын
Дастанұлы Абылай ІІ орын
Үмбетәлі Балауса ІІ орын
Қалдарбек Бекнұр ІІІ орын
Берікбай Арман ІІ орын
Қалдыбек Сағынай ІІ орын
Әлішері Дана ІІ орын
Шахрух Кәусар ІІ орын
Уссенбай Мирас ІІІ орын
Нұралы Айзере ІІ орын
Саттарбек Адия ІІ орын
Сарсенбай Сұлтан ІІІ орын
Ержан Аиша ІІІ орыннан табылды.
Ал, пәндік олимпиадалардың республикалық кезеңінде Тәңірхан Қайназар І орын, (алтын медаль) Мұсырманқұл Назым ІІІ орын, (қола медаль) «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық олимпиада
Пралиев Нұржігіт ІІ орын алды.
Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында командалық жұмысты ұйымдастыру арқылы ұжымды біртұтас ете отырып, «Бір жоба – бір мақсат» қағидаты енгізілді. Әр пән кафедрасына білім сапасын арттыру үшін жұмысты жүйелі жүргізу талабы қойылды. Осы талапқа сәйкес пән бірлестіктері білім сапасын арттыратын жобаларын енгізіп, жүзеге асырды.
Орыс тілі кафедрасы «Балалар және театр», информатика кафедрасы «АКТ құзіреттілігін арттыру тәсілі», ағылшын тілі кафедрасы «Шетелдік қонақтармен бір сәт», «Speaking club», математика кафедрасы «Math65” – әлеуметтік желіде», тәлімгерлердің жас мамандармен «Ментор-менти» жобасы, жоғары оқу орындары ғалымдарымен бірлескен «Құзіретті мұғалім» жобаларын жүзеге асырып келеді.
Мектепті дамыту үдерісі білім саласына инновацияларды қолдана отырып, өзгеріс енгізумен білім алушы мектеп қалыптасты. Үнемі зерттеулермен айналысатын және өз тәжірибесін жақсарту үшін жаңа білім беретін, өз бетінше оқып-үйрену арқылы білім мен жаңашылдықты меңгерген таратушы мектеп бола отырып, уақыт талабына сай жобалар жұмыс жасауда.
«Зерттеуші мектеп» жобасы, «Сабақты зерттеу», «Сыншы дос» жобалары, «Білім берудегі көшбасшы бағдары» халықаралық басқару интенсивінде тәжірибе таныстырылды. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары педагогтерінің «Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» І Ұлттық конференциясында тәжірибесі таратылды.
Дубай қаласында өткен педагогтердің тәжірибе алаңында мектеп өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ Сингапурда өткен «Дарынды балаларға арналған Сингапур білім беру жүйесі» оқу курсында тәжірибе алмасты.
Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, төрт жағы түгел тұлға шығару мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруда. Мектебіміздегі тәрбие жұмысы 2024-2025 оқу жылында енгізілген 6- құндылықтарын басшылыққа алып, білім мен тәрбиені тең ұстауда.
«Әлеуметтік тәжірибелер», «READx», «Bookcrossing», «Reading time» жобалары; «Оқуға құштар мектеп», «АЛАУ» еріктілер клубы, «65 Talks» интеллектуалдық жобас, «Ақылды бейсенбі» жобасы, «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы; «Мұрагер» дебат қозғалысы, «Даналық» мектебі,
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмыс істейді.
Ән-би үйірмелеріне қатысушы жас таланттар республикалық, халықаралық байқаулардың гран при иегерлері атанып отыр. Әлемнің әр түкпірінде өткен өнер байқауларында бағын сынап, биік белестерді бағындыруда. Мәселен, «Армандастар» үлгілі би ұжымы «The international competition of arts «Dubai Grand Festival» халықаралық би байқауының Гран При иегері, халықаралық «Қазақстан таланттары» байқау- фестивалі бас жүлде, халықаралық «FESTIVAL.KZ» өнер байқауы ВИП гран-при, «BEST OF THE BEST» халықаралық «Жас дарын» би байқауы ВИП гран-при иегері атанды. Ал, аспаптық жанрда «Азия таланттары» халықаралық өнер байқауында бас жүлде, «Сәлем Қазақстан» балалар республикалық өнер байқауында бас жүлде, республикалық «Балдәурен -2024» бас жүлде, «Таланттар сыр шертеді» республикалық өнер байқауында бас жүлде алды.
Мұнан бөлек, вокал жанрында «ART GLOBAL GROU» республикалық «Ұлы дала дарындары» өнер байқауына қатысты, Ақтөбе қаласында өткен «Таланттар сыр шертеді» балалар және жастар шығармашылық байқауында І — дәрежелі дипломмен марапатталса, республикалық «Тәуелсіздік тұғырым» патриоттық ән байқауында І орын,
Тараз қаласында ұйымдастырылған республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық «Балдәурен -2024» және «Айтұмар» өнер байқауында бас жүлдені ешкімге бермеді.
Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында спорттық бағыттағы үйірмелердің жұмыстары да жүйелі жолға қойылып, табысты, нәтижелі болып отыр. Мектеп оқушылары түрлі халықаралық спорттық додаларда еліміздің намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінуде.
Мектеп оқушыларының спорттағы жетістіктері:
Қалдарова Аяулым Нұрдәулетқызы — Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт шебері; 2. Бүкіләлемдік шахматшылар федерациясының Женский мастер ФИДЕ- «WFM» атағының иегері; 3. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері; Қазақстан Республикасы чемпионатының 12- Алтын медаль; 6 күміс медаль; 5 қола медаль иегері.
Патшахан Саида Бауыржанқызы — Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия кубогының алтын медаль иегері; Әлем біріншілігінің жеңімпазы; Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Тұрдыбай Сания — Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия кубогының алтын медаль иегері; Әлем біріншілігінің жеңімпазы; Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Ералхан Алихан — Грэпплингтен Халықаралық ашық турнир «Бас жүлде»
Қабылбек Жүрсінәлі – Бокстан халықаралық жарыста І орын
Қазақбай Айқын — Халықаралық Шотакан Федерация каратэден І орын
Данабек Заңғар – Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шеберіне үміткер
Орындық Бақсұлтан — Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шеберіне үміткер
Момыналиева Сабина – Шорт трек спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионы.
Ғабит Жанель – Волейболдан Қазақстан Республикасы жоғарғы лига ойындарының ІІІ орын игері, спорт шеберіне үміткер
Ерімбет Аружан – Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шеберіне үміткер
Махмұт Ерасыл – кикбокстан Қазақстан Республикасының чемпионатының қола жүлде иегері.
Бурабек Бекмырза — жасөспірім (ер балалар) командалар арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты I орын иегері; Халықаралық жарыстың жеңімпазы.
Досжанов Айдын – Жастар лигасы жасөспірімдер (ер балдар) арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионы
Бейбітжан Ғалымжан — Қазақстан Республикасының көктемгі чемпонатында I орын жасөспірім ұлдар арасындағы Жамбыл облысы турнирінде I орын
Болатбай Жанасыл — Қазақстан Республикасының көктемгі чемпонатында I орын жасөспірім ұлдар арасындағы Жамбыл облысы турнирінде I орын.
Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы білім ұясының миссиясының үдесінен шығып, әлемдік бәсекеге қабілеттіліктерін таныта алған, бірқатар шет елдердегі жоғары оқу орындарының гранттарын иеленген шәкірттерімен де мақтанады. Өткен оқу жылдарында білім ұясының 5 оқушысы АҚШ-тың, 17 оқушы Түркияның, 12 шәкірт Малайзияның, 7 түлек Чехияның, 11 талапкер Дубайдың, 7 оқушы Кипрдың, 8 шәкірт Польшаның, 11 түлек Литваның және 3 талапкер Италия еліндегі жоғары оқу орындарының оқу грантын иеленді.
Шәкірттерін бәйгеге қосып баптаумен ғана шектелмеген Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның ұстаздардың өздері де білім беру саласындағы сан алуан байқауларда біліктіліктерін дәлелдеуде. Президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы», «Құрмет» ордендерінің иегерлері, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, «Білім беру ісінің үздігі» сияқты атаулы марапаттардың иесі. Бүгінде мектептің 17 мұғалімі Шымкент қаласы педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының мектептен тартылған тренерлері.
Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы 2023-2024 оқу жылында білім сапасының көрсеткіші — 71% жоғары сапасы көрсеткішімен аяқтады. Білім ұясынан түлеп ұшқан 250 оқушының 17-і «Алтын белгімен»,
25 оқушы «Үздік аттестатпен» аяқтаса, 138 шәкірт мемлекеттік грант иегері атанды. Сондай-ақ 20 түлек шетелдердегі жоғары оқу орындарының грантын иеленді.
Ұжымда 219 мұғалім еңбек етеді. Оның 5-уі педагог шебер, 73-і педагог зерттеуші, 37-і педагог сарапшы, 52-ң педагог модератор, 46-ы педагог. Олардың жалпы біліктілік құрам сапасы — 78,1%.
2024-2025 оқу жылында Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның «Ы. Алтынсарин» төсбелгісін иеленді. Сондай-ақ Күнтаева Марфуға Абуталипқызы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасымен марапатталды. «2024- жылдыңҮздік педагогы» атағын 2 мұғалім иеленді. Мұнан бөлек, бастауыш сынып мұғалімі Қарынбаева Жанардың «Оқу сауаттылығы» тақырбындағы авторлық бағдарламасы «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясында» бекітіліп, республика көлемінде тәжірибесі таратылды.
Мектеп-гимназияның бағыты айқын, мақсаты анық. Мектептен түлеп ұшқан түлектердің басым бөлігінің бүгінде қоғамның түрлі саласында тұлға болып, тұтқасын ұстап отырғаны – осының айғағы. Мемлекеттік қызмет пен түрлі кәсіптердің майталман маманы атанған түлектеріміз мектеп өмірімен тығыз байланыста. Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия — заман талабына жауап беретін, құзіретті тұлға тәрбиелеуде білім мен ғылым, өнер мен өнеге жолында аянбай еңбек ететін болашағы жарқын әлем!
Leave a Reply