Қала бойынша барлығы 577 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде – 505 бірлік жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған барлық бала саны – 77 764, оның ішінде жеке мектепке дейінгі ұйымда – 50 782 бала. 3-6 жастағы балаларды қамту – 100%, 1-6 жас – 88,6%. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың есебінен ұлғаюда, деп хабарлайды Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі. 1653 орынға 14 жекеменшік балабақша ашылған, ал 2024 жылы 1769 орынға 24 жекеменшік балабақшалар ашылды. Жыл басынан 2700 орынға 30 жекеменшік балабақшалар ашылды. Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға 1-6 жастағы 9974 бала кезекке тіркелген. Балаларды кезекке қою мен жолдамаларды беру автоматтандырылған. Бұл осы шараның айқындығына, жемқорлық қауіптерін болдырмауға, бәсекелестік ортасын құруға және кезектілікті азайтуға ықпал етті. Шымкент қаласы Білім басқармасының айтуынша, балаларды қауіпсіз болуына жағдай жасау, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мектепке дейінгі ұйымдардың басты міндеттерінің бірі. «Мектепке дейін білім беретін ұйымның жұмысы әр балаға сапалы білім беру. Сонымен қатар балалар қауіпсіздігіне жағдай жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда бейнебақылау камералары жатын және ойын бөлмелерінде, дәліздерде орнатылған. Шымкенттегі 71 мемлекеттік балабақшада 1442 бейнекамера жатын және ойын бөлмелерінде, дәліздерде орнатылған. Сондай-ақ мемлекеттік балабақшаларға толығымен бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. 3 457 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. 2 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу үшін 697,2 млн теңге қаржы қаралды. Жоспарланған 28 балабақшаның 1727 орынға 24 балабақша ашылды (2 480 орынға). Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрлары Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 5718 педагог қызметкерлер жұмыс атқаруда. Оның ішінде, мемлекеттік мекемелерде 2303, жекеменшік мекемелерде 3415 педагог. Мектепке дейінгі мекемелердегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша Педагогикалық шеберлік орталығында және «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» базасында 625 педагог біліктіліктерін жетілдірді. «PISA халықаралық ұйымның зерттеуі бойынша Қазақстандағы орта білімдегі ең жоғарғы және ең төменгі білімді теңестіру уақыты 2 жылды құрап отыр. 3-6 жастағы балаларды біліммен қамту Қазақстан бойынша 100% орындалды. Ең жоғарғы көрсеткіш Қостанай облысында 99,8% болып тұр. Кейін Алматы облысы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары тұр. Бұл орайда ең төмен көрсеткішті Алматы қаласы – 86,9% құрап отыр. Ал, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары білім қажеттілігіне жауап беріп отырған аймақтарды пайыздық көрсеткішпен алатын болсақ, Шымкент қаласы көш бастап 23,9% құрады» Білім беру мен тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы – мектепке дейінгі мекеме болса, ондағы бала дамуына жасалған игі істер, педагогикалық ізденістердің маңызы арта түспек. Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет — мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр.Балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттыру негізгі мақсатым, тәрбиеші өз тобының жас ерекшелігіне, мүмкіндігіне қарай технологияның түрлерінің лайықтысын таңдап қолданады. Мен ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көңіл бөлемін. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Ойындардың негізгі мақсаты — балаларың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез — келген бала да, адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Осы орайда балалардың психологиялық үдерісін дамыту бағытында Шымкент қаласында дидактикалық ойындар,а көңіл бөлінеді. Баланың ақыл — ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Кез — келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалардың өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Сюжетті — рөлді ойындар бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдіруге болады.
«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға болады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуыршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады.
Құммен ойын — балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.
Құмдағы ойындар — баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.
Құм терапиясының маңызы: бала өзі жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады, ол түйсік, есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасы дамиды. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымның тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты — бір нәрсе жайында сұралып, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тыңдайды. Ертегі балалардың ой — қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар — балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құбылыстарды және соларға байланысты іс — әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті — рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т. б. ірі құрлыстар салады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт — бағдармен, тыныс — тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез — келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата — анасына берілген тәлім — тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс — әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі — ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан — жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С. Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу — бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын — балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген көптеген жаңа инновациялық технология түрлері, оны оқу-тәрбие үдерісінде қолдану жолдарын игеру әр тәрбиешінің өз қызметіне қарым-қатынасын танытады.
Қызмет ақпарат
Leave a Reply