2024 жылғы 7 желтоқсан күні Шымкент қаласы Дарын орталығы «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының қалалық іріктеу кезеңін өткізді.
Қалалық кезеңде 40-қа жуық оқушы бақ сынады. Олар бұған дейін мектепішілік кезеңде білімін сынға салған мыңға жуық қатысушының арасынан үздік шыққандар. Енді шын жүйріктер анықталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Білім сайысына келгендер «Хабар» арнасының «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын көріп өскен. Барлығы да қалалық іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық додаға баруға үмітті.
Үздік атанған 5 оқушы Республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздар тізімі
- Мырзағали Даяна Білім-инновация қыз балаларға арналған 2 лицей-интернаты
- Сейдаханова Ақзере Білім-инновация қыз балаларға арналған 2 лицей-интернаты
- Жиембай Нурмухамед 90ДБАММГ
- Бақытбек Диана Дарынды балаларға арналған 1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты
- Сабыр Бақдәулет “Білім-инновация” ер балаларға арналған 1 лицей-интернаты
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу – тәрбие үрдісі арқылы оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру – жаңа ғасыр мектебінің мақсаты. «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден — бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады. Менің проблемалық тақырыбым:«Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту» Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», — деп жазды. «Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», — деген болатын.Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келедi. Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда интеллектуалдық ойындардың атқаратын маңызы зор. Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Интеллектуалдық ойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дердестігі…» Мен өз сабағымда интеллектуалдық ойын түрлерін жиі пайдаланамын.Интеллектуалдық ойын барысында оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін. Бастауыш сыныптар арасында өткізген «Көкпар», «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң , талас жоқ» , «Математикалық поэзия» т.б түрлі интеллектуалдық ойындар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады. Осындай түрлі интеллектуалдық ойындар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады. Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дердестігі…» Интеллектуалдық ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру. «Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді. Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу іс – әрекетінде бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Leave a Reply