ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ТҰРҒЫН АЛАБЫ МЕН КӘСІПОРЫНДАР ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов тұрғындармен бірге Қайнарбұлақ (екінші кезең), Тассай және
Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағын газдандырудың екінші кезеңі шеңберінде бірқатар кәсіпорынды газға қосуға қатысты. Айта кетейік, Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандырудың бірінші кезеңі осы жылдың қазан айының соңында аяқталды.

Қала әкімі тұрғындардың қуанышына ортақтасып, газды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Аталған шағын аудандарды табиғи газға қосу шаралары өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыстардың уақтылы аяқталуының нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Тұрғын үйлерді газға қосу экологияға тиімді, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға да мүмкіндік береді. Нысандар қосылғаннан кейін Шымкенттегі газдандыру деңгейі 97,4% -. құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, қосылуды жеделдету үшін тұрғындар «QazaqGaz Aimaq»АҚ-на өтінім жолдап, құжаттар ұсыну қажет.

  • Related Posts

    Үйдегі қысым: Еркектік пе, әлсіздік пе?

    Кейде сырттай бәрі жақсы көрінетін отбасының ішінде үлкен қасірет жасырынып жатады. Көп әйел мен бала күнде қорқынышпен өмір сүреді – өйткені үйдің ішінде тыныштық жоқ. Себебі – үйдегі қысым, еркектің…

    Жастар арасындағы суицид: себептері мен алдын алу жолдары

      Соңғы жылдары елімізде жастар арасындағы суицид көрсеткіші алаңдатарлық деңгейге жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 15–29 жас аралығындағы жастардың өлімінің негізгі себептерінің бірі — өз-өзіне қол жұмсау. Бұл сандық…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика