БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ-БЛІІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ: ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 2 желтоқсанда №1 TALANT жалпы орта білім беру мектеп базасында “Бастауыш сынып оқушыларының білім-білік дағдыларын дамыту: Жаңа әдіс-тәсілдер мен тәжірибелер» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізілді.  Қалалық семинарға қала мектептерінен 100-ден аса мұғалім тәжірибе алмасу мақсатында қатысты.  Семинардың ашылу салтанатында келген қонақтар “№1 Talant” жалпы білім беру мектебінің білім алушыларынан құрылған өнерпаздарының ерекше қойылымы мен концерттік бағдарламаларын тамашалады. Одан соң бағдарламаға сәйкес, бастауыш сыныптарының білімді де білікті ұстаздары ашық сабақтар және сайыс сабақтар өткізіп,өз тәжірибелерімен бөлісті.Семинар соңында әрбір мекемеден келген өкілдермен кері байланыс жасалып, әрқайсысы өз ойларымен ашық бөлісіп, қалалық семинар өз мәресіне жетті. Жалпы сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» Жүсіпбек Аймауытов. Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.  Бастауыш мектеп балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру-әр ұстаздың жеке міндеті. Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан.Біздің міндетіміз – оқушыларға білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты дамыту. Жаңа технологиялар баланы тек үйретуші ғана емес өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне дейін тәрбиелеуді мұрат тұтады. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. Оқушыларды ізденіске баулып өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.Олардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Бастауыш сынып оқушылары жаны жаңалыққа құмар, барлығын игеріп, білгілері келіп тұрады. Сондықтан да жаңа технологияларды бастауыш сыныпқа пайдаланудың маңызы зор. Бүгінде бастауыш мектептерде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі
“Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту” технологиясы. Сонымен қатар”Ойын арқылы оқыту”технологиясын бастауыш сынып мұғалімдері жиі пайдаланады, себебі бастауыш сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды.Ойын – баланың интеллектуалдық ой-өрісін тереңдей түсуіне, шығармашылықпен ойлауына алып келеді, білім сапасын арттырады.Мысалы сабақ барысында оқушылардың білімін шыңдау үшін
“Адасқан әріптер”,“Қызық сөздер”,”Сөзден сөз тер”,Ғажайып шаршы” т.б.ойын элементтерін жиі қолданып отырамын. “Адасқан әріптер” ойыны. Сабақты әр түрлі әдіс–тәсілдерді қолданып,түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге ,оқып –үйренуге құштарлығын арттыратыны анық.«Қызығушылықты ояту» кезеңінде сөзжұмбақ шешу, «Мен бастайын, сен қоста», «Кім жылдам» ойынын, ал үй тапсырмасын тексеруде немесе өткенді пысықтауда «Ыстық орындық» әдісін қолдану арқылы оқушылардың білімін тексеріп отырамын. «Мағыныны тану» кезеңінде, яғни жаңа тақырыппен таныстыруда «Көр, жаз, тексер» әдісін жиі ұсынамын. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастырады. Бұл әдістің мақсаты: есіктің сыртына жаңа сабақ тақырыбын ашатын мәлімет жазылады. Оқушылар біртіндеп шығып, оқып,есте сақтап,келіп қағазға жазады, соңынан тексереді. Соңында жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Сабақтың қорытынды бөлімі «Ой толғаныс» кезеңінде эссе жазу, «Синквейн» стратегиясы»бес жолды өлең» құрастыру,»Артық затты тап»әдіс-тәсілдерін пайдаланамын.

«Автор орындығы» әдісін шығармашылық жұмыс орындау барысында жүргізіп отырамын. Мысалы тақырыпқа сай ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру, арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. Сабақты түрлендіріп өткізу оқушылардың сабаққа деген ынта -жігерін арттырады. Оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру белгілі бір бала бойында тұрақтылық пайда болып, шығармашылықты тудырады. Қабілетті ұштайды, дарынды оятады, нәтижелі жеке тұлға қалыптастырады. Сабақ барысында оқушылар»сәйкестендіру,» «Екі» көпіршік» әдісі арқылы салыстыру, топтастыру, теріп жазу. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөліктерге бөлу,ат қою сияқты өздігінен орындайтын тапсырманы да белсене орындайды.

Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да,мақсат біреу –ол оқушыларға тиянақтыда сапалы білім беру.«Фишбоун» әдісінің тиімділігі берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабынтоптық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Балықтың басына: зерттелетін , қаралатын, талқыланатын тақырып жазылады.

Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады.

Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-қайшылық тудырушы кедергілер жазылады.

Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.

«Бес саусақ» әдісі.

  1. «Бас бармақ» — басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
  2. «Балалы үйрек» — бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
  3. «Ортан терек» — ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
  4. «Шылдыр шүмек» — шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
  5. «Кішкентай  бөбек» — көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Бұл әдісті сабақтың қорытынды бөлімінде  кері байланыс жүргізгенде тиімді. Өйткені бүгінгі жасаған жұмысына талдау жүргізеді. Келесі жолы қандай өзгеріс енгіземін деп ойланады.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятатын, олардың ой-өрісінің, ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің дамуына дәнекер болатын, өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыратын жұмыс түрі-топтық жұмыс. Мысалы «Постер» құру сияқты топтық жұмысты қолдану барысында оқушылар бір-бірімен пікір алмасады, дәлелдейді , өз ойларын ортаға салады. Пікірлер алмасу кезінде нәтижесінде оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Сонымен бірге сабақтың ұйымдастыру кезеңінен бастап қорытынды бөліміне дейін диалогтық оқытуды қолдану балалардың тілін дамытуда көп көмегін тигізеді. Бұл жұмысты көбіне «НОУ ХАУ» әдісі арқылы өткізу өте тиімді, қызықты. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда «алты ойшыл қалпақ» әдісі кең пайдаланылады. Сабақ барысында аталған әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушының бойында өз-өзіне сенімділік ұялатады, өзге балаға қарап бой түзеуге ұмтылады, өзгені үйрете отырып, өзі көп нәрсені үйренеді,көшбасшылық қабілеттері қалыптасады. Қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек жаңаша көзқарасқа тым жақын. Сондықтан оқушы қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Қорыта келе айтарым,білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – бастауыш сынып, сондықтан осы жаңа технологияларды пайдалана отырып, бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру білімнің басты негізі болып табылады. Әрине ақпараттық технология дәуірінде заманның озық жетістіктерін білім беру ісінде тиімді пайдалану әлгінде айтылғандай шәкірттің оқуға деген қызығушылығын оятуға сеп болары анық.   Бұл орайда ұстаздың шығармашылық ізденісі маңызға ие. Қазіргі мектеп оқушыларына білім берудің ең оңтайлы әдісі теориямен тәжірибені қатар жүргізу екені белгілі бола бастады. Сондықтан олардың сабақтың барысында қозғалып отырған тақырыпқа қатысты дүниені көзбен көріп, қолмен ұстап көргісі келіп тұрады.  Олардың осы бір құштарлығын зейінін ашып, бір сарынды оқудан жалықтырып алмас үшін қолдана білу үшін асқан педагогикалық шеберлік керек. Әрине бұл әдіспен жұмыс істеп, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру ең әуелі ұстаздың жан-жақты ізденісін қажет етеді. Қоғам өмірінің өзге салалары секілді білім беру саласына да жаңа инновациялық технологияның енгізу үшін үлкен шығармашылық ізденіс, мазмұнды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.  Сол ізденістің нәтижесінде мектеп оқушыларының қабылдауына оңай сабақ жүргізудің тәсілдері пайда болады. Әрі оқушылардың пәнді оқып-үйренуге, меңгеруге деген құштарлығы артады.  Бұған дейін педагог мамандардың өз пәнін терең меңгеру, шәкіртпен, оның ата-анасымен жұмыс істей білу сынды қабілеттері жоғары бағаланатын болса, енді бұл қатарға ұстаздардың заманауи технологияны тетігін тауып, оны оқыту процесінде қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруына басымдық беріледі.  Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру әдісін кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бастауыш сынып оқушыларына білім беруде қолдану жемісті болмақ. Бастауыш сыныптан жемісті жолға қойылған білім беру әдістемесі олардың кейінгі сыныптарда да жоғары сапалы білім алуына, ой-өрісін дамытуға жол ашады. Осылайша олардың келешекте заман ағымына сай маман болып қалыптасуына да мүмкіндік туады. Демек оқыту, тәрбие беру ісінде жаңа технологиялар мен озық әдістерді қолданудың берері мол болмақ.  Еліміздегі білім берудің стандартына сай бастауыш сынып оқушыларына көбіне бір ұстаз бірнеше пәннен сабақ береді. Ал ол пәндердің әрқайсысы орта білім берудегі өзге пәндердің негізін құрайды.   Оқушыларға сол пәндердің негізін оқытуда бірсарындылыққа жол бермей, оқуға ынтасын  үшін де заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалану құпталады.  Әлбетте бұл әдістерді қолдануда бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологиялар мен озық әдістерді қабылдау мүмкіндігі де жан-жақты сараланғаны жөн.   Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі құзыреттілік пен сапаға бағытталады. Осындағы сапаға қол жеткізу үшін педагог оқушылардың оқу белсенділігін арттырудың тың тәсілдеріне иек артуы керек. Атап айтқанда сын тұрғысынан ойлау, кішігірім ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, өзгелермен тез қарым-қатынас орнату, дара және жұппен, топпен жұмыс істей білу, өзінің теориялық тұрғыдан білгенін тәжірибе жүзінде қолдануға көңіл бөлінгені абзал.  Педагогикалық тәжірибеде мұндай жағдайда «Өрмекшінің өрмегі», «Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал» сынды ойын форматындағы әдіс-тәсілдердің қолданып өткен сабақтарға оқушылардың пәнге қызығушылығы жоғары болатыны дәлелденді. Біріншіден бұл әдістер оқушыларды команда болып жұмыс істеуге шақырады. Ал ол командалар білім деңгейі әртүрлі оқушылардан құралуы мүмкін. Бұл оқушылардың біріне-бірі үйретіп, бірін-бірі жетелеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ сабаққа оқушылардың барлығының белсенді қатысуына жағдай жасайды. Әдеттегі «бірсарынды» сабақтар да тек қана озат немесе жақсы оқитын оқушылар белсенділік танытып, өзге оқушылармен жеке жұмыс жасауға уақыт қалмайды.  Ал командалық ойынның элементтерін қосу бұл мәселені біржолата шешеді. Оқушылар командамен жұмыс істей отырып, өз  білімдерімен, тәжірибесімен бөліседі. Мұндай сабақтар кезінде тақырыпқа қатысты ресурстарды көптеп қолдану да өз нәтижесін берері анық.  Сабақ нәтижесінде оқу үлгерімі төмен деген оқушының өзінде білім алуға деген құштарлық пайда болуы мүмкін.  Оқушылардың алған білімдерін есіне түсіріп, оны санасы мықтап бекітіп отыруда «Алфавит тізбегі» деп аталатын әдісті қолдануға болады. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін шыңдаумен бірге олардың жедел шешім қабылдай алу қабілетін де ұштайды. Мәселен ұстаз «Қазақстан қалалары» тақырыбында сабақ өту кезінде «Алфавит тізбегі» әдісін қолданса оқушылар ұстаз айтқан әріптен басталатын қала атауын айтады. «Н» – Нұр-Сұлтан, «Т»-Тараз, «С»-Семей, «Ш»- Шымкент. Бұл әдіс те оқытудың заманауи тәсіліне жатады. Мұнда оқушылар өткен сабақта өткенді еске түсіріп қана қоймай өзінің жан-жақты білімін көрсетеді. Және ұстаздар осы тәсіл арқылы оқушылардың барлық санатымен жұмыс істей алады. Яғни санаулы уақыт ішінде педагогтың «Алфавиттің тізбегі» үздік, жақсы оқитын оқушылармен бірге оқу үлгерімі төмен оқушыларды да қамтуы мүмкін.  Ал қазіргі сабақтарды қорытындылап, тақырып бойынша негізгі түсінік қалыптастыруда «Эссе жазу» әдісі де кеңінен қолданылып жүр. Бұл әдісте оқушылар  небәрі 3 минуттың ішінде өтілген тақырып бойынша өзінің түсінігін эссе форматында жазып береді. «Эссе жазу» әдісі сабақта алынған теориялық білімді бекітумен шектелмейді. Бұл әдіс оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіріп, көркем сөйлеу, жазу, өз ойын жеткізе білу сияқты қабілеттерін шыңдайды. Әлбетте әр сабақты «Эссе жазу» әдісімен қорытындылау бірсарындылыққа әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан да мүмкіндігінше бұл әдісті жиі қолданбау керек. Керісінше оның  «Сұхбат алу» тәсілімен алмастыруға болады. Сұхбат алу үшін  ортаға үш оқушы шақырылады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-бірімен бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша сұхбат құрады. Ал үшінші оқушы осы сұхбаттың барысы бойынша сабақтан түсінгенін әңгімелеп береді. Сәйкесінше бұл әдіс те оқушылардың бойындағы бірнеше қабілетті қатар шыңдауға жол ашады. Біріншіден оқушы тақырыпқа қатысты теоериялық білімін дәстүрлі емес форматта есте сақтайды. Екіндішіден оқушылар сұхбат алушы, беруші және баяндаушының рөліне еніп, тақырып бойынша сөз қозғауда көпшілік алдында сөйлеу дағдысы қалыптасады. Бұл бастауыш сынып оқушыларының өз ойын ашық айтуға  үйретеді. Ең бастысы сабақты қорытындылауға барлық оқушылар қатысады.  Жаңартылған білім беру стандарты  оқушыларды жаттанды білімнен гөрі әр тақырыпқа тереңнен бойлап, логикалық ойлау шеберлігін шыңдауға үйретуімен ерекшеленеді. Әсіресе түрлі әдіс-тәсілдер оқушыларды берілген тақырып аясындағы тар шеңберден шығып, жан-жақтылыққа дағдыландырады. Сабақты қызықты әрі тартымды етіп өткізуде  «Маршрут» ойынын пайдалануды ұсынамын. Аты айтып тұрғандай бұл ойын үздіксіз тізбекті  реакциядан тұрады. Мысалы оқушылар  алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінен кейін бірі торкөзге орналасады. Бұл ойында оқушылардың тапқырлығы сыналады. Олар аз ғана уақыт ішінде бірінші сөздің соңғы әрпінен басталатын сөз жазады. Бұл әдіс олардың жедел шешім қабылдау қабілетін сынаумен бірге сөздік қорын жетілдіруіне де ықпал етеді. Ойын барысында оқушылар бірін-бірі жаңа қырынан танып, жақсы қарым-қатынас орната алады. Ұстаздар да оқушылардың мүмкіндігіне көз жеткізеді. Сол арқылы жекелеген шәкірттерін шығармашылық ізденіске бағыттайды. Сайып келгенде бұл әдістер оқу белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Жалпы қазіргі білім беру жүйесі ұстаздардың алдына үлкен міндет қойып отыр. Соған сай педагогтар қауымы әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыруға көшуі керек. Сәйкесінше бұл әдіс олардың таптырмас көмекшісіне айнала алады. Екіншіден қазіргі оқушылар смартфон, ноутбук, теледидар сынды  заманауи құрылғылармен мектеп табалдырығын аттамай тұрып-ақ танысады. Демек мектеп табалдырығын жаңадан аттанған бүлдіршіндерді таңғалдыру қиын. Бұл орайда оларды таңғалдырудан бұрын білім алуға ынталандыру тұрғанын ескерсек, ұстаздар қауымынан заман талабына сай ізденіс ауадай қажет.  Ал жаңартылған білім беру бағдарламасына сай оңтайлы тәсілдерді сабақта пайдалану дағдысын қалыптастыру баланың таным-түсінігін ықпал етеді. Сондай-ақ шәкірттерді өз бетінше ізденіп, білімін жетілдіруге дағдыландырады. Тіпті жекелеген  оқушылардың  шығармашылық жолындағы алғашқы қадамын басуына жағдай жасайды. Ең бастысы оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын ашып, «енжар оқушы» түсінігін «белсенді сынып» ұғымына алмастыруға  болады. Сабақ барысында жаңа технологиялармен бірге әдіс-тәсілдерді қолдану оқушыларды командамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Бұл қасиет олардың кейінгі өмірінде де кәдеге жарайтыны анық. Заман талабына сай көзі ашық, көкірегі ояу білім мен тәрбиені бойына қатар сіңірген азаматтарды қалыптастыру үшін ұстаздар өздерінің  кәсіби біліктіліктерін шыңдап, құзыреттілігін арттыру арқылы ғана өздері көздеген  нәтижеге қол жеткізеді.

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика