Жақыныңа жанашыр бол!

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша аудан көлемінде көптеген іс-шаралар атқарылуда. Індетті жұқтырудың бірден-бір көпшілік жиналатын орындар болып табылады.

Атап айтқанда (құдалық, сырға салу, туған күн, бесік той тағы басқа да) отбасылық мерекелерді өткізуге шектеулер қойылғанына қарамастан, жеке үйлерде, тойханалар мен мейрамханаларда жасырын тойлар өткізулері тиылар емес. Осындай жиын-тойлардың салдарынан біршама жақындарымыздан, дос-жарандарымыздан айрылып қалған қаралы күндерді естен қалай шығаруға болады? Бұл күнде індеттің тікелей қарым-қатынас арқылы жұғатыны бесіктегі баладан еңкейген қарияға дейін белгілі болды.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қалада мобильді топтар үздіксіз жұмыс атқаруда. Мобильді топтың жұмысы барысында қарапайым ережелерді елемей, карантин режимін бұзу фактілері көптеп анықталуда: жұмыс уақтысының шектелгеніне қарамастан және жасырын жиын-той өткізген. Сондай-ақ бетпердесіз, бір реттік қолғапсыз жұмыс атқарған.

Сақтық шараларын сақтамай жұмыс жасаған нысандардағы жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға ішкі істер басқармасынан келіп түскен баянаттар бойынша барлығы 165 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 14000000 теңгеге айыппұл салынып, 62 әкімшілік іс сотқа өткізілді.

Коронавирус ауруының алғашқы белгілері:

-бастың ауыруы

-мұрыннан су ағу

-кеуде тұсының ауырсынуы

-дене қызуының көтерілуі

-жүрек қағысының жиілеуі

-тыныс алуының бұзылуы.

Алдын алу шаралары:

-антисептикалық сұйық сабынмен қолды жиі жуыңыз;

-ауруды жұқтырған адаммен жақын байланыста болмаңыз;

-жөтелген немесе түшкірген кезде аузыңызды және мұрныңызды майлықпен немесе қол орамалмен жабыңыз;

-қоғамдық жерлерге барсаңыз міндетті түрде 1,5 метрден кем емес ара-қашықтықты сақтаңыз,

-бетперде тағыңыз;

-лас қолыңызбен көзіңізді және бетіңізді ұстамаңыз.

Жоғарыда көрсетілген ауру белгілерін өзіңізден байқаған жағдайда өз бетіңізше емделмей, міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз.

Құрметті Абай ауданының тұрғындары! Алдағы уақытта бұл вирустың әлемнің бірқатар елінде қайтадан күш алып келе жатқанын естеріңізге сала отырып, ең алдымен отбасыңызды, жақындарыңыз бен туыстарыңызды індеттен сақтаймын десеңіз, той-жиындарға, көпшілік жиналатын орындарға баруды уақытша тоқтата тұруды және сақтық шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Өзіңіздің және жақыныңыздың денсаулығына қамқор болыңыз!

А.Абдуллаева

Шымкент қаласы Абай ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика