ТАҢБАЛАУҒА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Тауардың заттаңбасында, немесе қаптамасында олар туралы  ақпарат  бар екенін бәріміз білеміз. Бірақ, ол ақпараттың барлығының не білдіретінін бәріміз білеміз бе? Бұл белгілер мен қысқартылған сөздер  қарапайым адамдар үшін көбінесе түсінікті болмайды, алайда оның маңызы өте зор.

Сонымен, таңбалау, оның жалпылама қабылданған ұғымында, ол — қаптамаға немесе тауарға және басқа да қосалқы құралдарға қондырылған мәтін, шартты белгі немесе сурет.Тауардың заттаңбасында немесе қаптамасында міндетті түрде не көрсетілу тиіс? Өндіруші сатып алушыға тауар туралы мынадай ақпараттарды ұсынуға міндетті:

1)тауардың атауын;

2) егер, тауар сәйкестікті растау рәсіміне жататын жағдайда сәйкестік белгісін;

3) тауардың негізі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның тағамдық , биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай-ақ белгілі бір аурулар кезеніндігі қарсы  көрсетімдер туралы мәліметтер;

4) тамақ өнімдеріне қатысты құрамы, мөлшері (салмағы), дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары (температуралық режимі) туралы мәліметтер;

5) тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзалардан тұратын немесе солардан алынған компоненттердің болуы немесе болмауы  туралы мәліметтер (ГТА болған жағдайда , заттаңбада жеке сөйлеммен «Бұл өнімнің  құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар  бар» деп көрсетілуі тиіс);

6) егер, тауарлардың ерекшелігіне байланысты талаптар болса, тамақ өнімдерін дайындау бойынша ұсынымдар;

7) тауардың шыққан елі;

8) тауардың сатып алу құны мен шарттары;

9) кепілдік мерзімнің болуы немесе болмауы;

10) дайындаушының сауда белгісі;

11) тауардың дайындалған күні мен орны, жарамдылық мерзімі мен (немесе) сақтау мерзімі;

12) дайындаушының, орындаушының  атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды  мекен-жайы);

13) тауар массасының шамасы (нетто), көлемі, саны және (немесе) жиынтықталымы;

14) тауардың міндеті және оны тиімді әрі қауіпсіз қолданылу жағдайлары туралы мәліметтер;

15) Кеден одағы нарығындағы (ЕАО) өнім айналымының бірыңғай белгісі.

 Осы ақпараттың барлығы міндетті түрде  кем дегенде екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде болуы керек. Егер, тауар өндіріліп, бірақ өндіріс орнында емес басқа жерде қапталса, онда жоғарыда аталған ақпараттан басқа қаптаушы, өлшеп-оралған және қапталған күні мен уақыты туралы мәлімет болуы тиіс. Міне, неліктен таңбалаудың соншалықты қажет екенін осыдан байқауға болады.

Г.ТЫШҚАНБАЕВА

Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы

Көрнекі фотосурет ашық интернет көзінен

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика