ҚАЗАНДЫҚТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА ТҰР

Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласындағы жылыту қазандықтары қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қатаң бақылауында тұр деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл қыс Шымқалаға қахарын таныта келді. Осыдан үш күн бұрын түскен қар әлі ерімей сіресіп жатыр.  Күн райы ашыла қойған жоқ.  Әзірге тұрғындардан жылуға байланысты шағымдар түсе қоймады. Дегенмен бұл жұмысты босаңсытуға себеп бола алмайды. Алда әлі  екі ай қыс бар. Оның үстіне ауа райын болжаушылар жақын он күнде аяз сақталатынын айтып отыр.

«Қыстың қамын жазда ойла» демекші, жылу беру маусымына дайындық тамыздан басталады. Ескірген құбыр, тозығы жеткен құрылғыларды ауыстырар тиімді кезең де осы мезгіл. Сондықтан сала мамандары қыс мезгілінде үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін ерте іске көшуі керек. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, шаһардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүзеге асуда.

Жалпы қала бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары толыққанды шешім табуға жақын. Тіпті алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қалалық штаб құрылып, дайындық жұмысын жүйелі жүргізуге көшкен. Барлық іс-шара бекітілген кестеге сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асып, жіті қадағалануда.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2022-2023 жылдың жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталды. Шаһарда жылыту маусымы өткен жылдың 15 қазанында басталған болатын. көпқабатты тұрғын үйлердің дайындық барысына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қала бойынша проблемалық көпқабатты тұрғын үйлер анықталды. Ақау анықталған көпқабатты тұрғын үйлер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Барлық үйлердің пәтерішілік жөндеу жұмысы жылу маусымына дейін толық аяқталып, уақытылы қосылатын болады.

Бұл қазандық Нұрсәт мөлтекауданындағы көп қабатты үйлерді жылытуға арналған. Жылу қазандықтарын тікелей бақылауында ұстап отырған қала басшысы әр апта сайын жүйелі тексеру, зерделеу жұмыстарын жүргізуді жолға қойып қойған. Бүгін Мұрат Әйтенов әкімшілік іскерлік орталығындағы осы қазандықтың жұмысымен танысып, әсіресе, қауіпсіздік шараларының сақталуын жіті қадағалауды жауапты басқарма мен сала басшыларына қатаң тапсырды.

Әкімшілік іскерлік орталықтағы қазандық туралы қысқаша ақпарат бере кетсек. Бұл қазандық 2015 жылы іске қосылған, 5 жылытқышы бар. Қуаттылығы 160 Гкал. 1.5 миллион квадрат шаршы метр аумақты жылумен толыққамтамасыз етуге қауқарлы.

Қуаттылығы туралы айтар болсақ, жаңа құрылғының ескіжылу қазандықтарына қарағанда жылу тарату күші 10 есегеартық. Қазіргі таңда аталған аумақтағы 123 көпқабатты үйдіжылумен қамтамасыз етіп отыр.

Мұнан кейін әкім шаһардағы басқа жылу қазандықтарының жағдайымен танысты. Келесі аялдаған нысаны — 1989 жылы пайдалануға берілген №3 қазандық болды. 30 жылдай қызмет көрсетіп келе жатқан қазандықтың қуаттылығы 60 Гкал. Құрайды.

3 жылу қазандығы бар нысан, бүгінде осы аумақтағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 216 көп қабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етіп отыр.

Қазіргі уақытта барлық көп қабатты үйлерге жоспар бойынша межеленген уақытта жылу берілген, қазандықтағы құрылғылардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Шымкент қаласында өздеріңіз көріп тұрғандай қыс енді басталды, аязды күндер алдымызда. Ауа райы жайлы аймақ, күн жылып кетеді деп араны кеңге салуға болмайды.  Сондықтан қауіпсіздікті қатаң сақтай отырып, қазандықтардың үзіліссіз жұмыс істеуін қадағалаңыздар»,-деді қала әкімі тиісті басқарма мен жауапты сала басшыларына.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика