Шымкент: Мақсат жұмыссыз жастардың санын азайтып, өз кәсібін ашуға баулу

Жиырма бірінші ғасыр ақпараттың жылдамдығымен еркшелінп отыр. Әлем өте белсенді және жылдам өзгеріп жатыр. Бұл адамдардың әсіресе жастардың өміріне орасан өзгерістер әкелуде. Жалпы жастардың өзекті мәселелері бүкіл қоғамның кемшіліктерін көрсетеді және қиындықтарды шешу бүкіл қоғамның әл-ауқатына әсер ететінін көріп жүрміз. Жастар арасындағы ең өзекті проблема бұл жұмыссыздық.

Жұмыссыздықтың алдын қалай алуға болады? Жалпы жастар мамандық таңдағанда неге назар аудару керек?

Шымкент қаласындағы жастар ресурстық орталықтары жыл бойы осы сауалдарға жауап іздеді. Жасөспірімдерге арнап өнеркәсіп орындарына бірнеше рет саяхаттар ұйымдастырды. Мақсат мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдау жауапкершілігін ұғындыру болатын. Жастар орталықтарында практик- психологтармен де кездесулер өткізілді. Мамандық таңдау ата-ананың емес, баланың өзінің жеке басының ісі. Өйткені, мамандықпен өмір сүретін  ата-ана емес Бала.

Бастау-бизнес бағдарламасында да кәсіп ашамын деген жастарға басымдық беру- осы жұмыссыздық мәселесін шешудің бір амалы еді. Кәсіпкер болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған кезекті кездесуде бұл сұраққа жас кәсіпкер @Bibinur_tattileri_shymkent1 кондитерінің негізін қалаушы Тұрағыл Тұмар Ақылбекқызы жауап берді.

Кездесу барысында жас кәсіпкер кәсіп ашу жолында кездесетін кедергілер мен қиыншылықтар және оларды шешу жолдары туралы өзінің өмір жолымен сабақтастыра отырып, қызғылықты әңгімелеп берді. Бизнес жүргізудің қыр-сырынмысалдар келтіре отырып ашты. Кәсіпкерді ынталандыратын табыстар және қатар жүретінсәтсіздіктер туралы өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып айтты. Жетістік құпияларымен де бөлісті. Жастардың табысты кәсіпкердің бойында қандай қасиеттер болу керек деген сауалына:

Табысты кәсіпкердің басты қасиеттері біріншіден, еңбекқорлық, екіншіден өмір бойы білім алу, үшіншіден, үнемі өзін-өзі жетілдіру, іздену деп жауап берді.

Жастар мұнан да басқа өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Ойларында жүрген жобалары туралы айтып,  пікірлерін ортаға салды.

 

Жас кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыз жастардың санын азайтып, өз кәсібін ашуға баулу. Сонымен қатар, мемлекеттің қолдауымен кәсіп бастауға болатындығын насихаттайтын мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика