Аудан аумағындағы орталық көшелерді қардан тазалау жұмыстарын «Жасыл-Жер» ЖШС 3 бағыт бойынша жүргізуде. Қар тазалауға жалпы 30 техника жұмылдырылған. Ал орталық көшелердегі аяқ жолдарды және аялдамаларды қардан 220 адам тазартып жүр .
Қазіргі жағдайға дейін аудан аумағындағы үлкенді-кішілі жолдарға 471 текше метр инертті заттар себілді. Инертті материалдардың қоры ауданда әзірге жеткілікті. 5004 текше метр құм, 386 тонна тұз қоймада тұр. Осы сәрсенбіде Шымкентте алғашқы қар жауды. Жолдарды төпелеп жауған қардан тез аршып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында қырда тұрған техникалардың барлығы тізгінделді. Шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін мамандар көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын бір қолдың саласындай жұмыла тазалауға кірісіп кетті. Ең бірінші кезекте қоғамдық көліктер жүретін жолдардың тазалануы назарға алынды.
Қаратау ауданы аумағындағы орталық көшелерді қардан тазарту үшін «Жасыл жер» ЖШС жұмыстар атқаруда. Қар тазалауға 26 техника жұмылдырылған. Олар: Камаз ПР — 15 дана, трактор 82.1- 2дана, трактор 320-2 дана., Газон — 4 дана, Камаз сельхозка — 3 дана.
Сонымен қатар, орталық көшелердегі аяқ жолдарды және аялдамалардағы қарды тазартуға 320 адам жұмылдырылған.
Қазіргі жағдайға дейін 410 м3 инертті заттар себілді. Аталған жұмыстар аудан әкімдері аппаратының бақылауына алынып, қадағалануда.
Leave a Reply