Әлем картасының өзгеруі: климаттық босқындар дәуірі

Авторы:

16.01.2026

Əлем картасы бізге тұрақты, өзгермейтіндей ал континенттер, аралдар, жағалаудағы қалалар – бəрі мықты əрі ұзаққа төзімді болып көрінеді. Алайда XXІ ғасырда ғаламшар географиясы көзіміздің алдында өзгере бастады. Климаттың өзгеруінен кейбір аралдар су астына кетіп, қалалар су басу қауіпімен бетпебет келуде. Бұрын ғылыми фантастика сюжетіндей көрінген жағдай бүгінгі күні миллиондаған адамдар үшін шындыққа айналды. Бұл неге болып жатыр, қазір қандай аумақтар жойылып бара жатыр жəне адамзатты алдағы уақытта не күтіп тұр?

Біз ойлағаннан да жылдам өзгеріп жатқан климат салдарын миллиондаған адамдар қазірдің өзінде сезіп отыр. Мұхит деңгейінің көтерілуі, дауылдардың күшеюі жəне жағалаулардың бұзылуы бүтін аралдарды жəне жағалаудағы қалаларды қауіп аймақтарына айналдырады. Біреулер үшін бұл болашаққа арналған болжам болса, біреулер үшін күнделікті өмір. Аралдар мен жағалаудағы қалалардың жоғалуына басты себеп – адам əрекетінен туындаған жаһандық жылыну. Ол жағалаудағы аймақтардың өміріне жəне инфрақұрылымына қауіп төндіретін қауіпті процесін іске қосады. Теңіз деңгейінің көтерілуі жердің орташа температурасын көтеруде. Гренландия мен Антарктида мұздықтары еріп, мұхит суы жылынып, көлемі ұлғайды. Соңғы жүз жыл ішінде мұхит деңгейі 20 сантиметрден астам көтерілді. Бір қарағанда бұл аз болып көрінгенімен, төменгі аралдар мен жағалаулар үшін бірнеше сантиметрдің өзі қауіпті. Жағалаудың эрозиясы жəне дауылдар, климаттың өзгеруі жағалау сызықтарын бұзды. Жағалаулар дерлік «жойылып», құрлық біртіндеп азая бастайды. Топырақ пен ауыз судың тұздануы Аралдарда теңіз суы топыраққа жəне жер асты көздеріне еніп, ауыл шаруашылығы, ауыз су үшін зияны тиюде.

Кейбір мемлекеттер қазірдің өзінде жойылу шегінде тұр. Мысалы, Мальдив аралдары əлемдегі ең төменгі елдердің бірі. Аралдардың үлкен бөлігі XXІ ғасырдың соңына дейін жойылып кетуі мүмкін. Ғалымдар қорғаныс бөгеттерін салғанына қарамастан, парниктік газдарын радикалды түрде азайтпаса, архипелагты құтқару өте қиын болатынын айтады. Климаттың өзгеруі тек кішкентай аралдарға ғана емес үлкен қалаларға да қатты қауіп төндіруде. Тувалу жəне Кирибати Тынық мұхитындағы аралдық мемлекеттер, теңіз деңгейінен тек 1-2 метр биіктікте орналасқан. Қазірдің өзінде ауылдар үнемі су астында қалады, егіндер өледі, тұрғындар көшуге мəжбүр болады. Осы елдердің үкіметтері халықты толықтай басқа мемлекеттерге көшіру мəселесін қарастырып отыр. Венеция ұзақ уақыт бойы үнемі су басу проблемасынан зардап шегіп келеді. Теңіз деңгейінің көтерілуі мен жердің шөгуі нəтижесінде су басу аумағы ұлғайып тарихи ғимараттар бүлінуде. Тіпті қазіргі заманғы қорғаныс жүйелері де толық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Индонезия астанасы Джакарта – əлемдегі ең тез батып жатқан қалалардың бірі. Теңіз деңгейінің көтерілуі, жер асты суларының қарқынды пайдаланылуы салдарынан қала шөгіп жатыр. Қаланың бір бөлігі мұхит деңгейінен төменде болғандықтан, билік астананы басқа жерге көшіру шешімін қабылдады. Тіпті дамыған Майами жəне Нью-Йорк сияқты мегаполистер де климаттық қауіптен сақтанған емес. Жағалаулардағы су басулар, инфрақұрылымның бұзылуы, жағалауларды қорғауға кететін шығындардың өсуі АҚШ-та жиі тіркелетін жағдайлар. Жойылып бара жатқан аралдар мен қалалардың болашағы тікелей адамзат бүгін қабылдайтын шешімдерге байланысты. Климаттың өзгеруі болашақтың абстрактілі мəселесі емес. Ол қазірдің өзінде əлем картасын өзгертуде, аралдарды жоқ қылып, қалаларға қауіп төндіруде. Аумақтардың жойылуы адамзат əрекеттеріне табиғаттың жауабы, ескерту секілді. Бұл қауіп тек жеке елдердің тағдыры ғана емес, бүкіл ғаламшардың болашағы. Аумақтардың жойылуы тек географиялық мəселе ғана емес. Үйлерін тастап кетуге мəжбүр болған адамдар «климаттық босқындарға» айналады. Олар тек баспанасын ғана емес, туған мəдениетімен, тарихымен жəне дəстүрлерімен байланысын да жоғалтады. Халықаралық қауымдастық əзірге мұндай мəселелерді шешуге толық бейімделмеген, сондықтан əлемдік қауымдастыққа жаңа тəсілдер іздеу қажет. Шешім бар ма? Климаттың өзгеруін толық тоқтату мүмкін емес, бірақ оның салдарын жұмсартуға болады. Ғалымдар мен экологтар мыналарды жасау қажеттігін атап көрсетеді: парниктік газдарын азайту, жаңартылатын энергия көздеріне көшу, жағалауларды қорғау жəне қалаларды жаңа климаттық жағдайларға бейімдеу. Жойылып бара жатқан аралдар мен қалалар адамзатқа нақты ескерту болып табылады. Климаттың өзгеруі енді алыс болашақтың мəселесі емес ол қазірдің өзінде əлем картасын өзгертуде. Ал бүгін қабылданатын шешімдер ертең қандай аумақтар картада қалатынын анықтайды.

Д.ТАУАСАРОВА,

«Ұлы Дала Елі» орталығы қызметкері