ШЫМКЕНТТЕ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Денсаулық – бұл әр адамның және бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші! Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойыпты: «Адамға өмірде не қымбат, байлық па, даңқ па?». Сонда Сократ: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ»,- деп жауап берген екен. Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек. Адам азбаса, ұлт тозбайды.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында: «Денсаулық – физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі»,- деп көрсетілген. Яғни, тек он екі мүшесі сау болып қана қоймай, адамдар, сонымен қатар, еңбек етуге қабілетті, қоғаммен араласа алатындай болу тиіс. Ата Заңымызда көрсетілгендей, еліміздің ең басты байлығы – адам және оның өмірі, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы қажет. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. Біздің халқымыз ежелден денсаулыққа аса мән беріп, бірінші орынға қойған. «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласын мемлекет тарапынан қайта дамытуға айрықша көңіл бөліне бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. 15 жылға жуық жөндеу көрмеген №1 қалалық клиникалық ауруханасына  қазір жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін қала әкімдігі 520 төсек-орындық емдеу мекемесіндегі құрылыс барысын  қадағалады. Қазіргі таңда ғимараттың К корпусының жұмыстары аяқталып келеді. Жобада ғимараттың кәріз желісін, едені мен қабырғасын, жылу беру жүйелерін жаңалау қарастырылған. Сондай-ақ құрылысшылар ескірген  есік-терезелерін толығымен ауыстырып, емдеу кабинеттерін заманауи үлгіде жасақтайды. Жобаға сәйкес осындай жұмыстар аурухананың А және Б корпустарына да атқарылатын болады. Өндірістік кестеге сай құрылыс келер жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.

Қала әкімдігі жауаптыларға құрылыс сапасын жиі бақылап, ғимараттың науқастар үшін қолайлы жасақталуына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика