«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ 1-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Отбасы — қастерлі ұғым. Елге, жерге сүйіспеншілік, барлық асыл қасиеттер отбасынан басталады. Адам бойындағы тәрбие алдымен отбасында қалыптасады.  Қаламызда жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» байқауы отбасы құндылықтарын нығайтуға ерекше себеп болып келеді. Қазіргі уақытта отбасын сақтау, неке институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру аса маңызды. Сондықтан отбасы бірлігін – ел бірлігі ретінде Шымкент қаласы Абай ауданында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1-ші кезеңі өтті. Байқауда 22 отбасының арасынан үздік болып танылған 4 жеңімпаз отбасылар анықталды. Олар:  1. Нұрмановтар әулеті – өнерлі отбасы, Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртістері, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Руслан мен Жәудірдің отбасы. 2. Иманалиевтер әулеті — зейнеткер-ұстаз, Бозарық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, 80 жасқа келген ақсақал — журналист, 10-шақты кітаптарының авторы. Жұбайы Мариям ана Бөрібекқызы «Алтын дәрігер» медалінің, яғни бірнеше марапат иегерлері. 3. Бекмуратовтар әулеті —  спорт саласына үлесін қосып жүрген Серік Темірханұлы мен медицина саласында статист маманы Айнур Қалтайқызының отбасы.  Отбасылық ұрандары: «Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос — Өміріңді өкіндірмес осы аталған қасиет» деп ұл-қыздарына тәлім-тәрбиемен өсіруде. 4. Жақсыбаевтар әулеті —  химия-технология институтында инженер-сарапшы Ердос Тілегенұлы және жұбайы ІІ-дәрежелі кітапханашы  Халипа Әнуарбекқызы. Бұл үлгілі отбасында білімге деген құштарлықтары басым болып, ұлы Қытайда үздік оқып шыққан болса, қызы бірнеше кітаптің жас авторы.  Сонымен қатар, аудан әкімінің алғыс хатымен жоғарыда аталып өткен іс-шараға өздерін көрсете білген, жас болса да белсенділік танытып үздік көрінген 2 отбасы да марапатталды.  Барша отбасыларға алдағы уақытта өз үлестерін қосады деген ақ ниет білдіріп, марапаттарымен құттықтаймыз!

Қызмет ақпарат

1704 символ

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика