«Lessen Study- рефлексивті  тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» тақырыбында өтілген  ұлттық конференция

Ағымдағы жылдың 27-28 сәуір күндері Астана қаласында «Lessen Study- рефлексивті  тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» тақырыбында  ұлттық конференция  ұйымдастырылды. Конференцияны ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ильясов, Қазақстанның  еңбек сіңірген ұстазы, Жаһандық білім беру жөніндегі комиссиясының Азия хаб комиссары  Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  басқарма төрағасы, Дүниежүзілік  сабақты зерттеу қауымдастығының (WALS) Президенті (АҚШ) Кэтрин Льюис сөз сөйлеп ашты.

Пленарлық отырыста Ұлттық білім беру саясаты институтының  аға зерттеушісі (Жапония) Тошиа Чичибу, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры  PhD, Гүлмира Қанай,  Малазиялық мұғалімдерді дайындау институтының аға оқытушысы Хасна Абдула, Шотландия білім беру сарапшысы Роберт  Дуглас Сим, Ұлыбританиялық  дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының бас хатшысы Питер Дадли спикер болып, тәжірибелерімен бөлісті.

«Балабақшадағы  ауқымды зерттеулер»  тақырыбында №2  секция отырысында «Мектепке дейінгі дамыту орталығының»  әдіскері Турсунова Айгуль Егембердиевна  «Мектепке  дейінгі балаларды ерте дамытуда  педагогтердің кәсіби тәжірибесін «Lessen study» тәсілі  арқылы  жетілдіру тиімділігін анықтау» тақырыбындағы зерттеу мақсатымен,  «4-5 жасар балалардың сөйлеу әрекеті дағдысын арттыруға қалай ықпал етеді?»  тақырыбындағы таныстырылымын қорғап айтса,  Мектепке дейінгі дамыту орталығының менеджмент әдіскерлері Ахмет Алмагүл Батыршақызы «»Lesson study»  тәсілінің  мектепке дейінгі  ұйым педагогтері  арасындағы ынтымақтастықты арттыру  ресурсы ретінде тиімділігі» тақырыбында мектепке  дейінгі балалардың  зерттеушілік  дағдыларын  дамыту, конференцияның екінші күні, №67 мектеп гимназиясы сабақ жоспарына шолу, бақылау процесін талдау бойынша зерттеу сабақтары бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Қызмет ақпарат

1692 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика